Адамдар

Зауыттың құрдасы

28.05.2019

ТКЖЖ зауытының энергомеханикалық цех инженері Татьяна Александровна Дьяконованы зауытпен туыстық дәнекерлер ғана емес (бұл жерде оның жұбайы Олег Геронтиевич Дьяконов та компрессорлық-оттегі станциясының шебері болып еңбек етеді) сондай-ақ екі күн айырмашылығы бар, жалпы мерейтойлық күн де байланыстырады. Татьяна Александровна өз туған күнін 24 мамырда атап өтті, ал зауыттың құрылуының ресми күні - 1969 жылдың 26 мамыры.  

«Богатырь» кенішінің дренажды шахтасынан ауысқаннан кейін ол зауытта бір жарым жыл ғана жұмыс атқарса да зауыт оған кәсіпорынның барлық ұжымы сияқты туғанындай болып кетті. Алғашқы жұмыс күнінен бастап ол әріптестерінің қолдауы мен түсінігіне ие болды. Осы үшін ол бас механик Бейсенғазы Нығметоллаұлы Асеновке, инженер Светлана Александровна Мосиюкке, механик Ирина Александровна Кравченкоға, бас энергетик Иван Николаевич Василюкке зор алғысын білдіреді.

- Барлығы өте күрделі сияқты болып көрінген алғашқы жұмыс күні әріптестерімнің көмегі мен қолдауы маған ерекше көмектесті. Ал қазір маған бәрі де түсінікті және қарапайым. Менің міндетіме қосалқы бөлшектерді сатып алуды жоспарлау, білдекті жабдықты жөндеу кестесін қалыптастыру кіреді. Бізде білдектер мен жабдықтардың 286 атауы бар, сондықтан жұмыс көлемі аз емес. Сонымен қатар, мен қоршаған ортаны қорғау бойынша есеппен айналысамын. Ал жалпы алғанда мен зауыттағы жұмысыма өте ризамын.      

«Богатырь Көмір» компаниясында Татьяна Александровнаның жұбайынан басқа да туыстары еңбек етуде. Қызы Екатерина мен жиені Анна  коммерциялық дирекцияда, жұбайының әпкесі Ольга Геронтиевна «Ударная» станциясында еңбек етуде, Татьяна Александровнаның ағасы Александр Александрович компанияның құқықтық басқармасының бастығы болып табылады. Олар бірігіп нағыз отбасылық әулетті құрады.

 

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне