Адамдар

Ұлына тәлімгер

20.05.2019

ТКЖЖ зауыты экскаваторлық-жөндеу цехының токары Досман Рахметов туралы әріптестері бір ауыздан оның дана тәлімгер және жоғары білікті маман екендігін айтады.  

Досман ТКЖЖ зауытына 2003 жылы келді, бұл оның мамандыққа деген алғашқы қадамы еді. Сол кезеңді еске ала отырып ол «осындай күрделі өндірісте жұмыс істей аламын ба? »- деп күмән білдіргенін айтады. Өмір оның қабілетті екендігін көрсетті. Жыл өткен сайын сенімділік пен жоғары шеберлікке ие болды. Бүгін Досманның өз мамандығы үшін ең жоғарғы – алтыншы біліктілік разряды бар. Ең тәжірибелі маман ретінде оған студент-тағылымгерлер бекітіледі. Оның оқушыларының көбі зауытта және компанияның басқа да құрылымдық бөлімшелерінде жұмыс істейді. Бүгін Досманның қол астында Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжінің болашақ түлегі, оның ұлы Нұрмұхамед тәжірибеден өтуде. Бірнеше жылдар бойы оның екі жиені зауытта өздерінің токарлық ептіліктерін жетілдіруде. Досман ұлының жетістіктерін сыпайылықпен айтады:

- Осы тәжірибе айындағы оның жұмысын әзірше үшінші разрядқа бағалаймын. Жаңа бастап жүргендер үшін жаман емес, өсетін шамасы бар. Ол барлығын меңгеруге тырысады. Ең бастысы кез-келген жұмыстағы маңызды істің мәнісін түсіну.  

Қанат АЛДАБАЕВ

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне