Адамдар

Жас және келешегі бар

15.05.2019

Танысып қойыңыздар, Хуанган Асылхан – ТКЖЖ зауыты механикалық учаскесінің токары, компанияның жас және келешегі бар мамандарының бірі.   

Кәсіпорынға 2008 жылы Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен-техникалық колледжін аяқтаған соң келді. Анасының өнегесі бойынша токарь болуды шешті. Асылхан өз мамандығын мақтан тұтады және оны үздік деп санайды: - Маған өз жұмысым ұнай ма? Әрине. Ең әуелі, оның шығармашылық болуынан. Әдеттегі металл дайындаманы алып, оны білдекте өңдей отырып мен одан экскаваторға немесе кранға өте қажет бөлшек жасаймын. Бөлшектердің көлемдері мен кескіндемелері әр түрлі болуы мүмкін. Қазір мен диаметрі үлкен төлкелердің, кескіштердің ірі көлемді бөлшектерін әзірлейтін «бес жүзінші» үлкен білдекте жұмыс істеймін. Біліктерді де жасадым. Токардың жұмысы бастан асады, зерігуге уақыт жоқ.

Асылханға берілген бесінші біліктілік разряды оның жоғары білікті шебер екендігін білдіреді. Бүгінгі күні ол зауыттың нағыз тәжірибелі және сауатты мамандарының бірі болып саналады.  Әріптестері Асылханды өз жұмысын сапалы және мерзімінде орындай білгені үшін сыйлайды және бағалайды.  

Қанат АЛДАБАЕВ 

Суретті түсірген Геннадий ДРОБЕЦ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне