Адамдар

"Ең жас едім, енді ең кәрімін"

09.11.2018

ң жас едім, енді ең кәрімін"-

Осылай жартылай әзіл, жартылай шындықпен ТКЖЖ заувтындағы жөндеу дирекциясының  жөндеу-механикалық учаскесінің бастығы Александр Иосифович Нагель өзінің қызметі жайлы айтты.

Осыдан отыз жыл бұрын тау – кен техникумын тамамдағаннан соң,  слеасарь болып жұмысқа орналасты, кейін эксковатор цехінің көшпелі бригадасының мастері атанды, ал 34 жасында оған учаскені басқаруды табыстады.

-          Басында қолымнан келмейтін шығар деп ойлағанмын. Бірден өзіме қаншама міндеттерді алуға тура келді. Өзіме деген сенімді бойыма сол кезде бас инженер Генрих Гаар: «барасың да жұмысыңды атқарасың. Сен оқыдың, сен білесің. Дипломыңды ақтайтын уақыт келді.» - деген бір ауыз сөзімен ұялатты. Үш ай сынақтан кейін, учаскенің басшысы болдым.

 Қазіргі таңда Александр Иосифовичтің қол астында 53 адам жұмыс істейді. Шебер басшының қол астында жұмыскерлердің барлығы өздеріне берілген нарядттарды ұқыпты және уақтылы орындайды. Әрқайсысы үшін ол дос, жұмыс барысында көмекші, нұсқаушы болуға тырысады. Әріптестері Александр Иосифовичтің өте сыйлы, білімді, жүрегі жылы, ашық адам екенін жарыса айтады. Жөндеу – механикалық учаске басшысы өте көңілді адам, күнделікті өмірден қызықты оқиғаларды құрастырып, әзілдеп жүре береді. 

-          Бір слесарь – электрик институттан кейін зауытқа келді. Оны тәлімгерге бекітіп қойды. Жаңа келген жұмыскер бекітілген бригадаға желдеткіштен электрқозғалтқышты шешу наряді тапсырылды. Шешіп цехке алып келді. Жас маманға ондағы болттарды шешіп алу тапсырмасы берілді. Үш болтты ол шешіп алды, ал төртіншіге шамасы келмеді. Оған болтты «үрлеп түсіру» керек деген кеңес берілді. Бұл біздің тілде кескішпен кесу дегенді білдіреді. Ал ол сығылған ауаны алып, ботқа қаратып, көмектеседі деген үмітпен үрлеп отыр. Сол кезде жас бала да біз де жақсылап бір күлгеніміз бар еді.

 

Өткен айда Александр Иосифович өзінің 60- жылдық мерейтойын атап өтті. Жасына қарамастан, жаны – жас адам. Мүмкін өзін сергек сезінуге оған 8-жасар ұлы Павел де өзінің септігін тигізеді. Павель атақты блогер болуды армандайды, «еш жұмыс жасамай, ал ақша өздігінен келетін». Әкесі оның жасында жүргізуші болуды армандапты, себептері де сондай болған екен:

-          Жүргізушілер күні бойы машинада қыдырып жүреді, кейін сол үшін оларға ақша береді  деп ойлайтынмын. Көп жылдар өткен соң "Экибастузугольде" трестінің қалалық автобазасында жүк автокөлігінде жүргізуші болып жұмыс атқарғанда жүргізушінің жұмысы жеңіл емес екендігін түсіндім. Басқа да жұмыстар секілді, бұл жұмыстың да жауапкершілік пен төзімділікті талап ететінін түсіндім. Өмірде жетістікке қол жеткізгің келсе, мойымай оқып – үйрену керек. ТКЖЖ зауытының әкімшілік – шаруашылық учаскесінде мастер болып джұмыс атқаратын менің жолдасым Татьяны Александровна екеуміздің қолымыздан келгені мен қуантады.....

 

Марина ПОНКРАТОВА

Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне