Адамдар

Тегершікте екі ғасырға жуық

25.09.2018

Новиковтар әулетінің көмір шығарушы кәсіпорындағы жалпы еңбек өтілі 180 жылға жуық. Тегершікте екі ғасыр дегеніміз аз емес. Осы уақыт ішінде олардың әрқайсысы өз жұмысына өмірінің недәуір бөлігін берді, осы күнге дейін еңбек етіп келген кәсіпорынның дамуына өз үлесін қосты.

Новиковтар Екібастұзға 1969 жылы солтүстік Оралдың Карпинск қаласынан келді. Отағасы Кузьма Елизарович бұрын көмір мен аршылымды тасымалдаумен айналысатын жеке ұйым болған жүк тиеу-көліктік басқармасына (ЖКБ) электровоз машинисті болып орналасты. Оның жұбайы Мария Михайловна да сүт зауытында тоңазытқыш құрылғыларының машинисті болып еңбек ете бастады.   Сондықтан бірнеше жылдардан кейін олардың ұлдары Александр, Николай мен Юрийдің кім болғандарын аңғару қиын емес...

Үшеуі де Кеңес Одағындағы көмір саласының ең үздік жиырма кәсіби тех.училищенің ішіндегі №163 қалалық кәсіби-техникалық училищеде (қазіргі Қ.Пішенбаев атындағы Екібастұз тау-кен колледжі) электровоз машинистінің көмекшісі мамандығын оқып алды. Сол себепті Александр Кузьмич «менің конспектілерім кіші інілерімен мирас ретінде берілетін» деп әзілдейді.

Оқудан кейін Новиковтар ағайындылары әкелері еңбек ететін, «Ударная», «Южная» мен «Западная» станцияларына қызмет көрсететін ЖҚД-2 жұмысқа тұрды.

Олардың ортақ еңбек вахтасы осылай басталды. Олар бір ауысымда жұмыс атқарды, сондықтан үйден жұмысқа бірге кетіп, бірге қайтатын.

- Анам азық-түлікті төрт сөмкеге салатын, - деп күлімсірей еске алады Александр Новиков, - Төрт еркек бірдей жұмысқа кеткен соң тоңазытқыш бос қалады деп айтуға болады.

Осыла иін тіресе келе, үйде ғана емес, жұмыста да бір-біріне тірек бола отырып олар көп жыл еңбек атқарды. Ағайындылар тағы бір «Тепловоз машинисті» мамандығын алып, Александр Кузьмич бастықтың орынбасары болған ЖҚД-1 ауысты.

- Менің осындай дәрежеге ЖҚД-1 бұрынғы бастығы менің алғашқы тәлімгерім Тілеутай Үмбетовтің арқасында жеттім. Менің қалыптасуыма ол үлкен көмек берді. Жұмыстың басында ол менің еңсемді түсірмеді, абыржуға жол бермеді. Үнемі қол ұшын созып, өмірге үйретті. Қазір мен өзім де тәлімгер болдым. Жуырда зейнетке шығамын – дейді Александр Новиков, - Мен осы адамның қағидасына сүйене отырып жас мамандармен өз жұмысымды құрамын. Олар да қатардағы жұмыскер болып келіп, бастық болып көтеріледі. Олардың ішінде ЖҚД-2 бастығы Владимир Рожок пен «Ударная» ЖҚД-ның бастығы Александр Назаренко бар. Ең бастысы көру және бағыттау, өз күшіне сенуге көмектесу.

«Степнойда» машинист-нұсқаушы болып Юрий Кузьмич жұмыс істейді, ал Нкиолай Кузьмич – теплопоз машинисті, бригадир. Юрий Новиковтың балалары - жабдықтар шебері Станислав Новиков және локомотив бригадаларының нарядшысы Светлана Каретникова  «Эксплуатация» ЖҚД-да еңбек вахтасын атқара отырып, отбасы әулетін жалғастыруда. Кім біледі? мүмкін олардың балалары да жалпы еңбек өтіліне жылдар қоса отырып бабаларының жолын жалғастыратын шығар.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Новиковтардың отбасы мұрағатынан алынды.

 

Адамдар мақалалар тізіміне