Адамдар

Компанияны атын шығара отырып

18.06.2018

Жуырда кезекті қала Күнінде жергілікті әкімдік басшылығы қала өмірінің әр түрлі бағыттарының дамуына қосқан өлшеусіз үлес қосқан белсенді екібастұздықтарды құрмет наградаларымен атап өтті. Олардың арасында біздің әріптестеріміз Мейрам Амангелді және Ғарифулла Олжабаев бар. 

Енді Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының жол жөндеушісі Мейрам Амангелдінің фотосуреті екібастұз әкімдігінің жанында орналасқан қалалық құрмет Тақтасына көрік береді. Ол қала тұлғасы атану мәртебесіне ие болу бұйырған басқа да қала тұрғындарымен бірге құрмет Тақтасына енгізу туралы сертификатын алды.

Кәсіпорында Мейрам Амангелді  жолдың жоғарғы қабатының құрылымдарын құрастыру, бөлшектеу және жөндеу бойынша жұмыстарды орындаумен айналысады. Ол жұмыста бай тәжірибеге және практикалық білімге ие.  Ұжымда оны өз біліктілігін үнемі арттыратын адал жұмыскер, қайырымды және белсенді өмірлік ұстанымы бар адам ретінде таниды.

Біздің басқа қызметкеріміз – автобазаның бас механик бөлімінің механигі Ғарифулла Олжабаев Екібастұз қаласының әкімі Қайрат Нүкеновтың қолынан қала әкімдігінің құрмет грамотасын алды.

Көмір кәсіпорнында ол 20 жылға жақын еңбек етеді. Сол жылдардың соңғы бесеуінде ол жабдықтың авариясыз және сенімді жұмыс жасауын қамтамасыз етумен, уақтылы сапалы жөндеумен және техникалық қызмет көрсетумен айналысады. Одан басқа ол күнтізбелік жоспарлардың дайындығын, жоспарлы-ескерту және ағымдағы жөндеулер үшін қажет материалдарды, қосалқы бөлшектерді, құрал-саймандарды алуға өтінімдерді уақтылы ұйымдастырады, жабдықтарға төлқұжаттарды, қосалқы бөлшектерге спецификацияларды  толтырады және өзге де техникалық құжаттамалармен айналысады.

Жұмыс жасау барысында Ғарифулла Олжабаев өзін өз ісіне адал әрі жауапты қарайтын, оған сеніп тапсырылған тапсырмаларды сапалы әрі уақтылы орындайтын жоғары білікті маман ретінде көрсете алды. Сонымен қатар ол ұжымның қоғамдық өміріне белсене қатысады,  әріптестер арасында сыйлы әрі беделді.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Фотосурет Мария ГОНТАРЬДІКІ.

 

Адамдар мақалалар тізіміне