Адамдар

Александр Юрьевич Черноскутов

04.05.2020

Экскаватор үшін механик дәрігер секілді

Экскаватор үшін механик дәрігер секілді, – дейді өз жұмысын сипаттаған «Богатырь» кенішінің №3 Жжәне ҮЖУ электр механигі Александр Юрьевич Черноскутов. – Бұл алып машиналардың қал-жағдайын үнемі бақылап отыру керек. Осы жерде экскаваторлар бригадаларының бізбен  қаншалықты ұйымдасып жұмыс істейтіні маңызды. Айтқым келетіні, бұл жағынан бізде бәрі жақсы ойдағыдай. Барлығыда экскаватордың қыр-сырын жете меңгерген, үлкен жұмыс тәжірибесі бар адамдар. Мен өзім механик болар алдында, экскаваторда машинист көмекшісі болып жұмыс істедім, сондықтан  кеншілер еңбегінің дәмін білемін. Бүгін менің жауапкершілігімнің аймағында төрт экскаватор – үшеуі базада 12-  текшелі және біреуі 13-текшелі «адымдағыш». Жұмыс өте қызықты, ең күрделі жағдайларда қалыпсыз шешімдерді талап етеді. Бұған мені тәлімгерлерім, аттары үлкен әріппен жазылған мамандар және аңызға айналған тұлғалар үйретті. Олар, қазір еңбегі сіңген зейнеткерлер Бурматов Виктор Алексеевич және Пивненко Василий Григорьевич. Мен оларға үйреткендері үшін дән ризамын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне