Адамдар

Тимир Тулеуұлы Ахметов

07.04.2020

Тимир Тулеуұлы Ахметов «Богатырь» кенішінде СРсК-2000 №1143 роторлы экскаваторының машинисті болып қырық жылға жуық жұмыс істейді.

Өзінің экскаватор машинисті болу жайлы бұрынғы шешімі туралы, ол ашық айтады: - Шындығына келсек, ол кезде аса қатты ойланбағанмын. Жай ғана кеніште жұмыс істеген  туыстарымның ізін бастым. Әкем тау-кен мастері, інім – пісіруші, қарындасым – көмір сапасын бақылау бөлімінде жұмыс істеді. Ал бүгін компанияда ұлым – энергиямен жабдықтау қызметінде механик және екі жиенім – «Южная» станциясында байланысушы болып жұмыс істейді. Жалпы, біртұтас отбасым осында.

Көп жылдар бойы жұмыс істеу арқасында бар үйренгенімен Тимир Тулеуұлы қазір  бар ынтамен жастармен бөлісуде. Оның көп жылғы адал еңбегі «Құрмет» орденімен және «Шахтер даңқы» белгісінің екі дәрежесімен аталды.

- Біздің жұмыс, әрине, жеңіл емес - дейді Тимир Тулеуұлы, - сондықтан болар кенші мамандығы да ерекше. Біз адамдардың үйлері тек жарық, әрі жылы болсын деп, күндіз де, түнде де көмір тиеміз.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне