Адамдар

Андрей Викторович Сёгин

26.03.2020

Жұмысым жаныма жайлы.

«Богатырь» кенішінің №3 ЖжәнеҮЖУ экскаватор машинисті Андрей Викторович Сёгин УС №3606 ЭКГ-12-де оны құрастырғаннан бастап істейді. Көмекшісі болып бастады, кейін машинист болды.

– Экскаватор машинистіне оқуға кезінде маған немере ағам ұсынды, ол сол кезде «Южный» кенішінде жұмыс істеп жүрген болатын. Мен оның кеңесіне құлақ тұрдым, қазір сол үшін еш өкінбеймін, – дейді Андрей Викторович. – Жұмысым жаныма жайлы. Өз автомобилімді басқарғандай сезімде жүремін. Осы жылдары мен барлық жерде – аршуда да, шығаруда да жұмыс істеп үлгердім.Менің тәлімгерім менің алғашқы бригадирім – Лукин Александр Николаевич. Дәл осы адам маған барлығың үйретті.

Тәлімгерден алған білімімен Андрей  оның басшылық етуінде жұмыс істеген туған ағасы Дмитриймен бөлісетін. Бүгін ағасы  өткен жылдың жазында «Богатырь» кенішіне келіп түскен ЭКГ-20 қуатты экскаваторын басқарады.

Ағайынды Сёгиндер компанияда жақсы беделге ие – өз адал еңбектері үшін екеуіде «Шахтер даңқы» төсбелгісінің екі дәрежесімен марапатталды. Ол жөнінде Андрей қарапайым әңгімеледі: «Басқаша біз жұмыс істей алмаймыз. Егер де бір іске кіріссек, ата-анамыз үйреткендей оны адал істейміз».

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне