Адамдар

Асанали Алдабергенов

17.03.2020

Маған дәл осы машина бұйырғанына менің жолым болды

Асанали Алдабергенов – СРсК-2000 №1143 роторлы экскаваторының  бригадасында ең жасы, машинист көмекшісі болып үшінші жыл жұмыс істейді.

Политехникалық колледжін бітірген соң, «Богатырьда» еңбек ететін үлкен ағасының жолына түсіп, «Богатырь» кенішіндегі №1 шығару жұмыстарының учаскесіне бірден келді. – Маған дәл осы машина бұйырғанына менің жолым болды, – дейді ақтарыла сөйлеген Асанали. – Ұжым ұйымшыл, қай ауысымда жұмыс істесем де, бірінші күннен  аға жолдастардың қолдауын сезінудемін. Экскаватор біреу секілді, ал әр машинистің  жұмыста өз жеке тәсіл, амалы бар. Қайсысынан болсын, үйренерім мол. Мұнда жұмыс істеу маған ұнайды. Нағыз ер азаматтың мамандығы. Асанали біліктілігін арттыру жөнінде де ұмытпайды. Биылғы жылдың маусымында ол «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығы бойынша дипломдық жұмысын қорғауға дайындық үстінде. Институтты аяқтағанның өзінде бұл жерден ешқайда кетпейді. Ол өзі айтқандай: «Жұмысымды жалғастырамын және жақсы машинист атану үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне