Адамдар

Александр Иннокентьевич Палкин

14.02.2020

Әке ісін жалғастыру

Мен бүкіл әлемге аты жайылған осындай әйгілі кеніште жұмыс істеп жүргенімді мақтан етемін, дейді «Шахтер даңқы» төсбелгісінің иегері, «Богатырь» кенішінің аршу және үйінді жұмыстар учаскесіндегі ЭКГ-12 УС №3606 экскаваторының бригадирі, 37 жыл мінсіз жұмыс істеп келе жатқан Александр Иннокентьевич Палкин.

Борт нөмірі 3606 экскаваторында Александр Иннокентьевич оны 1992 жылы құрастырған сәттен бастап істейді, сондықтан бұл машинаны басқалардан артық сезеді. Егер механизмда бір нәрсе дұрыс болмаса, ол хабардар болады және «кінәраттылықты» қалай жою керек екенін нақты біліп отырады. Өзі жақсы бригадир болғандықтан, тау-кен машиналардың командасы да дәл сондай таңдалды – барлығы үлкен еңбек өтілімімен тәжірибелі кеншілер.

– Бізде ұжым мықты, барлығы бір-бірін өте жақсы түсінеді, сондықтан болар, уақытпен сыналған жақсы, сенімді машина. 2007 жылы ол жаңалаудан өтті. Процессорлық басқаруға көшуге мүмкіндік беретін  жаңа электр жабдықтары орнатылды. Бұл машинистердің еңбегін едәуір жеңілдетті.

Мен, 5/6 кенішін (қазір «Богатырь» кеніші) алғашқы құрушылардың біріне, өз әкеме, экскаватор машинисіне, кезінде мені экскаватор машинисіне оқуға итергені үшін ризамын.

«Богатырь Көмір» ЖШС –нің баспасөз қызметі.

 

Адамдар мақалалар тізіміне