Компания туралы / Саясат

САПА САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

Сапа саласындағы саясаттың мақсаты – тұтынушылардың талаптары мен сұраныстарын толық қанағаттандыру, бекітілген мерзім мен жарамды баға бойынша жоғары сападағы өнімдерді жеткізу және қызмет көрсету.

  • Компания тапсырыс берушілердің ең таңдаулы тілек талаптарын қанағаттандыратын өз өнімін жеткізе отыра және тұтынушылық ерекшеліктеріне орай қызмет отыра тұтынушылардың табысты іс-әрекет жасауына ықпал етеді.

Бұл дегеніңіз, кәсіпорынның табысты және бірқалыпты жұмысының кепілі болып табылатын тұтынушылардың сенімін қамтамасыз ету, жалпы қоғамға жағымды әсер ету арқылы тұтынушылардың сұраныстарын толық қанағаттандыру деген сөз. Біз - тұтынушылардың ыңғайымен жұмыс істей алатын компаниямыз.

  • Компания бұрынғы қалыптасып қалған ескі әдеттерден арылып, өзгерістерді, жаңа істер мен қажеттіліктерді жасауға ұмтылуға дайын.

Бұл дегеніңіз, біз тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін қызметімізді жетілдіруге дайынбыз деген сөз. Біз үрдістік құрылымдарды тиімді қолданудың қажеттілігін мойындаймыз, бизнес үдерісі шектеулі тізбекті өмір құбылысы екендігін түсінеміз. Ендеше, сол себепті дер кезінде жаңаруымыз, жаңғыруымыз керек. Біз - жаңалыққа аса түсіністікпен қарайтын дамушы компаниямыз.

  • Компания материалдық, ақпараттық және қаржылық ресурстарды барынша толық және тиімді пайдалануға қол жеткізеді.

Бұл дегеніңіз, қысқарту арқылы іс-әрекетіміздің барлық түрлеріндегі кірісті үздіксіз көтерудеміз, келешекте барлық шығын түрлерін жоямыз деген сөз. Біз – тиімді компаниямыз.

  • Біздің компанияда әрбір қызметкер, директордан бастап жұмысшыға дейін орындалған жұмыстың сапасына жауап береді, стандарттарға, техникалық талаптарға, заңдылыққа және тұтынушылардың сұрауына сай келмейтін өнімдер шығаруға жол беретін іс-әрекет пен шешім қабылдамайды.

Бұл дегеніңіз, біз өз іс-әрекетімізді өткен кезеңде болған кемшіліктерді келесі кез келген іс-әрекеттерімізде жіберуге жол бермейміз, дұрыс сауатты, білікті ұйымдастырамыз деген сөз. Біз – бағытымызды жұмыс үдерісінде бағдарлайтын компаниямыз.

  • Компания өзінің бағасын әрбір жұмыскердің үздіксіз кәсіби өсу, фирма аралық қатынастарды және үдемелі әдістер мен технологияны пайдалануды жетілдіру жолымен көтереді.

Бұл дегеніңіз,біздің әрқайсымыз үздіксіз өз білімін өзі жетілдіруге және біліктілігін көтеруге,жаңа және алдыңғы қатардағы даму үдерістерін іздеуге, игеруге ұмтылады деген сөз.

  • Компания өзінің кәсіби шеберлігін танытуға жағдай жасайтын жетекшілерінің және корпоративтік мәдениетін көтеретін әрбір қызметкерінің қабілетін бағалайды.

Бұл дегеніңіз, біз, әрқайсымыз, жоғарғы басшыларымызбен бірге сапа саласы саясатына белсене қатысып, іске асыру, біздің басшыларымыздың негізгі құндылығы - әрбір қызметкердің шығармашылық әлеует қабілетін ашу деген сөз. Біз тұтынушылардың және тұтас алғанда қоғамның шынайы, ұзақ мерзімді мүдделеріне сүйене отырып, менеджмент сапасы жүйесін жетілдірудеміз және сапа саласындағы Саясатымызды ашық жария етеміз.Біз өз іс-әрекетімізді жеке құрамның жетекшілік жұмыс атқаруына және жұмысқа жұмылдыруына бағыттайтын компаниямыз.

Жоғарыда айтылғандарды іске асыруды компания басшылығы ИСО 9001 стандартын басшылықққа ала отыра менеджмент сапасы жүйесінің нәтижелілігін үнемі көтеруге, сапа саласындағы саясатты табысты іске асыру үшін қажетті жағдай жасауға міндеттенеді.

«Богатырь Көмір» ЖШС еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы саясаты

«Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық әдіспен өндіру бойынша дамып келе жатқан компания бола отыра адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтаудағы қоғам алдындағы жауапкершілігін толық сезінеді, еңбекті қорғау, өнеркәсіп пен өрт қауіпсіздігі саласындағы іс-әрекетін жоспарланған экономикалық көрсеткіштерге жетуге арналған міндетті талаптар мен өндірістік үдерістердің ажырамас бөлшегі деп біледі.

Еңбекті қорғау, өнеркәсіп пен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі негізгі мақсат жұмыс орнында сауатты еңбек жағдайын қалыптастыру,өндірістік жарақаттарды, апатты жағдайлар мен өртті болдырмауға ұмтылу.

Еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы саясатты жүргізе отыра Компания басшылығы алдарына мынадай міндеттер қояды:

  • Нәтижелердің үнемі жақсаруына бағытталған еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігін басқарудың ең тиімді жүйесін енгізу. Еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы басшылық құжаттарды, регламенттерді уақытында игеру және тиімді пайдалану, еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі бойынша қойылатын талаптарды сақтауда жұмыскерлердің міндеттері мен жауапкершілік шегін нақтылау есебімен басқару жүйесін жетілдіру;
  • еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласында заңдылық талаптарын орындау;
  • еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы тәуекелге бел бууды анықтау, бағалау және басқару, алдын алу шараларының тиімділігін үнемі көтеру;
  • өнімнің сапасын арттыруға бағытталған, сонымен бірге еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы бар және өзекті талаптарға жауап беретін құрал-жабдықтар мен алдыңғы қатардағы жаңа технологияны енгізу;
  • Компанияның бөлімшелерінде қауіпсіз еңбек талаптарын қамтамасыз етуге бағытталған тиімді жоспарлау мен бағдарламаларды жүзеге асыру;
  • қауіпті өндірістік факторлардан сақтандыратын, ғылым мен техниканың қазіргі даму дейгейіне сай келетін жеке және ұжымдық қорғау құралдарымен жұмыскерлерді дер кезінде жабдықтау;
  • жеке құрамның біліктілік деңгейін көтеру, олардың өндірістік тәуекелге бел буу және жұмысты орындаудың қауіпсіз тәсілдерін түсінуі үшін ұдайы оқыту және нұсқама беру;
  • барлық мүдделі жақтарға осы іс-ірекеттің жоспарлары мен нәтижелерін көрсете отыра еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласындағы көрсеткіштерді бекіту, өлшеу және бағалау;
  • жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығына қауіпті жағдай жасағаны үшін жұмыскерлердің жауапкершілік деңгейін көтеру;
  • жұмыскерлердің қауіпсіз жұмыс істеуге бағытталған іс-әрекеттерін қолдау, еңбекті қорғау, өнеркәсіп және өрт қауіпсіздігі саласына байланысты бастама көтергені үшін ынталандыру;
  • жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға басым бағыт ұстанып отырған «Богатырь Көмір» ЖШС жағымды бейнесін қалыптастыру.

«Богатырь Көмір» ЖШС басшылары осы Саясатты Компанияның бүкіл өндірістік нысандарында бұлжытпай жүргізуге міндеттенеді.

АДАМ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

Саясаттың мақсаты – Серіктестіктің энергетикалық көмірге тұтынушылардың толық қанағаттануына бағытталған тапсырмаларын тиімді әрі сапалы орындауға қабілетті жеке ққұрамын сақтау және дамыту.

Саясат нысаны – адамдардың әр түрлі қабілетінің жиынтығын құрайтын, олардың өндірістегі жұмысқа жарамдылығын, материалдық және рухани игілігін анықтайтын адам ресурсы.

Серіктестік саясатты іске асыруға арналған мынадай негізгі міндеттер қояды:

  • кадрлық әлеуеттің сапасын қалыптастыру және өндірістің білікті кадрларға қажетін қанағаттандыру;
  • жұмыспен қамтуды тиімді қамтамасыз ету және Серіктестіктің өндірістік және өндірістік емес үдерістер арасындағы іс әрекеттердің оңтайлы бөлінуі;
  • Серіктестіктің жеке құрамын ұтымды пайдалану.

Адам ресурстарын басқару саласындағы Серіктестік саясаты мынадай принциптерде құрылады:

  • Жоғарығы жәнетжетекші менеджментердің, алдыңғы шептегі басшылардың Серіктестіктің барлық басшылық үдерісіне қатысуы, басшылық тізбегін оқыту жүйесі принципіне және жеке құрамды басқару әдісіне құру жеке құраммен жұмыс бойынша әдістемелік нұсқауларды әзірлеу.
  • Серіктестіктің барлық бөлімшелерінде жеке құраммен жұмыс жасаудағы бірлік саясаты.
  • Кәсібилігі, іскерлігі, адамгершілігі, психологиялық сапасы бойынша кадрларды қою, таңдау.
  • Жұмыскерлерді жұмыспен қамтуды ұтымды қамтамасыз ету, әр жұмыскердің кәсібилігі мен тәжірибесін барынша пайдалану,барлық ресурстардың зияткерлік әлеуетін, еңбекті ұйымдастыруы мен оның қауіпсіздігін тиімді қамтамасыз ету.
  • Жеке құрамның әл-ауқатының үздіксіз өсуі.
  • Қол жеткізген еңбек нәтижесі үшін әділ еңбек ақысын төлеу.
  • Еңбек нәтижесіне жетудегі тиімділіктер.
  • Жеке құрамның кәсіби өсуінек арналған тең жағдайлар жасау.
  • Жұмыскерлердің кәсіби және жеке өсуіне арналған жағдайлар жасау, Жоғары біліктілікті еңбек мотивация жүйесін дамыту.
  • Ұжымда психологиялық жайлы жағдай қалыптастыру.
  • Жеке құрамды басқару үдерісінде қазіргі заманғы кадрлық технологияны және компьютрлендіруді көбірек енгізу.
  • Серіктестіктің ағымдағы мүдделеріне жауап беретін жеке құрамды басқару жүйесін үнемі икемді, серпінді дамыту.

Серіктестік:

  • Жоғарғы дәрежедегі кәсіби шеберлікті;
  • Кеншілердің таңдап алған кәсібіне адалдықты;
  • Жеке құрамның денсаулығын;
  • Жеке құқықтар мен жеке құрамның мүдделерін құрметтеуді;
  • Корпоративтік дәстүрлерді сақтауды және дамытуды;
  • Бизнестегі ашықтықты және жауапкершілікті бағалайды.

Адам ресурстарын басқару әлеуметтік дамуды басқаруды, кәсіби бағытты, білімді, жұмыспен қамтушылықты, еңбекті тағы басқа үдерістерді қамтиды.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ САЯСАТ

«Богатырь Көмір» Қазақстанның көмір өндіретін ірі компанияларының бірі болып табылады. «Богатырь Көмір» тиімді, нарықтық және әлеуметтік бағыт алған кәсіпорын ретінде қоршаған отаны қорғау саласындағы өз жұмысын халықаралық ИСО 14001 стандарты бағдары талаптарымен іске асырады.

Қоршаған ортаны қорғау міндеті - табиғатты қорғау мен адам денсаулығын сақтау мәселесі басым бағыт болғандықтан, кәсіпорын экономикалық және экологиялық теңдікті ұстай отыра өз саясатын қоғам алдындағы үлкен жауапкершілікті қаматамсыз етуге бағыттайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС экологиялық саясаты осы салада міндеттелгендей,кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштерін үздіксіз жақсарту ұстанымдарына, қазақстандық заңдылық талаптарын сақтауға құрылған.

Біздің мақсатымыз - өндірістік үдерістер мен өнімдердің ауаға, сумен мен топыраққа кері әсер етуін айрықша азайту үшін жағдай жасау, экономикалық әлеуетті сақтау, жеке құрамның жұмыс орны және әлеуметтік қорғалуы үшін кәсіпорынның әсер ету аймағында тұратындардың, жеке құрам мен тұрғындардың денсаулығын түзеу.

«Богатырь Көмір» ЖШС табиғатты қорғау жүйесін экологиялық мәселелерді шешудің тиімді механизмі ретінде түзе отыра міндеттенеді:

  • Өз іс-әрекетін Қазақстан Республикасының қолданыстағы экологиялық заңдылық талаптарына және қолданыстағы ішкі стандарттарға сәйкес іске асыруға;
  • Экологиялық және экономикалық тұрғыдан алғанда қоршаған ортаға әсер етуді азайтуға бағытталған ізденістерді пайдалану, озат технологияны енгізу, өндірістік үдерістерді оңтайландыру, апат туғызатын жағдайлардың алдын алу, анықтау;
  • Тұтынатын энергоресурстар мен зиянды шығарылымдарды шығарылатын өнімнің бірлігіне азайту;
  • Баламалы нұсқаларды қарай отыра және экологиялық-экономикалық тұрғыдан алғанда тиімді үлгі-жобаларды таңдай отыра алдын ала белгілетін шаруашылық іс-әрекеттердің қоршаған ортаға әсер ету бағасын жүргізу;
  • Қоршаған ортаға әсер етуді азайту және экологиялық менеджмент жүйесі жұмысының тиімділігін көтеруге бағытталған кәсіпорынның экологиялық көрсеткіштерін бақылау;
  • Экологиялық сана мен ақпарат алу деңгейін қалыптастыратын бағдарламалар бойынша жеке құрамды оқыту; қоршаған орта мен қоғамның денсаулығын сақтаудағы жеке жауапкершілікті тәрбиелеу және біліктілікті көтеру үшін тиімді негіз жасау; табиғатты қорғау іс-әрекеті нәтижесінің бағасына бүкіл жеке құрамды қосу,оларды тиісті нәтижелеріне сәйкес ынталандыру.
  • Шектес қосымша аймақтарда экологиялық жағдайды жақсарту үшін санитарлық-қорғау аймағын көріктендіру бойынша шаралар жүргізу;
  • Қоршаған ортаны қорғау және экологиялық қауіпсіздік саласында мүдделі жақтармен ашық әңгіме өткізу, оларға тиісті ақпаратты ұсынып отыру.