Bogatyr Coal

+7(7187)349 261, 223 031 факс:+7(7187)340 650
Contact Information

About Us / management

Щукин Виктор Константинович

Щукин Виктор Константинович — бас директор

«Карагандауголь» өндірістік бірлестігінің экономика бойынша директордың орынбасары, «Росинвестуголь», «Ростуглесбыт», «Трансамуринвест» компанияларына басшы, «Российский алюминий» біріккен компаниясының көмір бизнесінің директоры қызметтерін атқарған тәжірибесі бар.

Ғылыми дәрежесі экономика ғылымдарының докторы.

Таженова Жұлдузай Ахметовна

Таженова Жұлдузай Ахметовна — Қаржы директоры- бас директордың бірінші орынбасары

Мемлекеттік және коммерциялық кәсіпорындардың қаржылық саласында, атап айтқанда, Казагропромбанк Басқармасы төрағасының орынбасары, «Эйр Қазақстан» ЖАҚ қаржы бойынша президенттің орынбасары, «КЕRA» ЖШС директордың орынбасары, «Қараөткел» РМК Қазақстан Республикасы Президентінің іс басқарушысы, «Алматы Пауэр Консалидэйтед» АҚ экономика және қаржы бойынша бас директордың орынбасары, «Алматы электр станциялары» АҚ басқарма төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Опанасенко Сергей Николаевич

Опанасенко Сергей Николаевич — бас директордың өндірістік-шаруашылық қызметі бойынша орынбасары

«Назаровский кеніші» ААҚ бас инженер, техникалық директор, бас директор, «Красноярскуголь» ААҚ бас директор, «Центр горных технологий «Сибирь» ЖАҚ бас директордың бірінші орынбасары, «РАО ЕЭС Россия» ААҚ жылумен қамтамасыз ету басқармасының бастығы қызметтерін атқарған тәжірибелі маман.

Ахметов Суюндык Талгатович

Ахметов Суюндык Талгатович — көмір нарығы және өткізу бойынша директор

«Екібастұзкөмір» бірлестігінің көмірді өткізу жүйесі мен тау-кен өндірісін басқару бойынша тәірибесі бар. Көмірді өткізу(сату) бойынша басқарма бастығының орынбасары, маркетинг және сату бөлімінің бастығы болған.

Рахмангулов Еркен Жунусович

Рахмангулов Еркен Жунусович — Жеке құрам және әлеуметтік саясат бойынша директор

Екібастұз көмір кәсіпорындарының ашық кен орнындары жүйесінде өнеркәсіптік теміржол көлігін басқару бойынша тәжірибесі бар. Локомотивтерді жөндеу депосының бастығы, жөндеу бойынша директордың орынбасары,теміржол көлігі бойынша бас инженер, Северный жүк-тиеу көлік басқармасының директоры, теміржол көлігін жөндеу бойынша директоры қызметтерін атқарған.