Youth Movement

«Ең үздік жас маман» атанды

06.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясы техникалық дирекциясының өндірісті дамыту жөніндегі қызметінің жобалар әзірлеуді ұйымдастыру бөлімінің бас технологы Қымбат Құрманғалиева «Тау-кен өндірісі саласындағы ең үздік жас маман» атанды. Бұл номинация оған «Еңбек адамы» облыстық конкурсының қорытындысы бойынша берілді.

Конкурс 26 сәуірде Павлодар қаласында өтті. Оны жастар мен тұрғындар арасында жұмысшы кәсібінің мәртебесін көтеру мен талантты жас жұмыскерлерді ынталандыру мақсатында Павлодар облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі Басқарма ұйымдастырды.  

18-ден 29 дейінгі жастағы облыс кәсіпорындарының жиырмадан аса белсенді-жұмыскері қатысу үшін өтінімдерін берді. Олардың оны ғана негізгі кезеңнен өтіп мәреге жете алды.

Конкурсқа қатысушылар шығармашылық нөмірлері мен «Мен және менің жұмысым» бейне-визиткаларын көрсете отырып конкурстық комиссияның таңдауынан өтті және білімнің әртүрлі салалары бойынша зияткерлік викторинада жарысқа түсті. Қымбат шығармашылық конкурста өзінің қолөнер жұмысы – қолдан тоқыған «Бәйбіше-тоқал» кілемшесін ұсынды және ирландтық степті епті түрде орындап берді. Ол зияткерлік жекпе-жектегі сұрақтарға оңай жауап бере отырып «Тау-кен өндірісі саласындағы ең үздік жас маман» құрметті атағына ие болды. Көмір шығарушы компанияның үміт артқан жұмыскері басқа да тоқсан жеңімпазбен бірге дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Қымбат ҚҰРМАНҒАЛИЕВАНЫҢ жеке мұрағатынан алынған.

 

алдағы тендердің тізбесіне