Youth Movement

Соғыс туралы әндер арқылы

10.05.2018

9 мамырдың кешінде «Болашақ+» СОО жылдам тамақтандыру мейрамханасына келушілер үшін «Богатырь Көмір» компаниясының біріккен жастар қозғалысының белсенділері Руслан Мусиннің, Азамат Оздоевтің, Жадыра Мамырханованың, Нелли Штраубтың және Александр Еременконың орындауында соғыс жылдарындағы ең танымал әндер шырқалды. 

«Самрук-Қазына» АҚ компаниясының тобымен өткізілген «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасының бір бөлігі болған концерттің репертуарына миллиондаған кеңес адамдары үшін ең қиын кездерде жүрекпен және сезіммен жазылған әскери кинофильмдердегі танымал әндер кірді. Әртүрлі жастағы тыңдаушылар үшін сүйікті «Смуглянка», «Синий платочек», «Журавли», «На поле танки грохотали», «Первым делом самолеты», «Темная ночь» және басқа да өшпес музыкалық туындыларды көрермендер бар ықыластарымен қабылдады. Сауда-ойын-сауық орталығына келушілер әртістермен қосыла ән шырқады, оларды ду қол шапалақтап көтермеледі.  

Бағдарлама жүргізушілері Загия Окованцева мен Ренат Темірбаев вокалды және би нөмірлерінің арасында ұрпақтан ұрпаққа берілуі қажет маңызды әскери тарихи деректер туралы айтты.

Концерт Александр Еременконың «Спасибо!» авторлық әнімен аяқталды. Бұл композиция жер жүзіндегі бейбітшілік үшін өз өмірлерін аямастан жанкешті ерлік көрсеткендерге заманауи адамдардың жауабы еді.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының БЖҚ мұрағатынан алынды.

 

алдағы тендердің тізбесіне