Youth Movement

Ерліктері үшін алғыспен

08.05.2019

9 мамырдың қарсаңында «Богатырь Көмір» біріккен жастар қозғалысының белсенділері еңбек майданына қатысқандарды ұмытылмас күнмен құттықтады.

Жас кеншілер ардагерлерге мерекелік сыйлықтармен келді. Сырлы сұхбат барысында ақсақалдар олармен соғыс уақытындағы қиыншылықтар мен мұқтаждықтар туралы өз ойларымен бөлісті. Жас жұмыс ауысымы өз кезегінде аға буынға кәсіпорындағы бүгінгі кездегі еңбек күндері туралы толық баяндап берді. Жастар мереке алдында қырықтан аса тыл еңбеккеріне барды және әр ардагерге жасаған ерліктері мен бейбіт аспан үшін шын жүректен алғыстарын білдірді.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Сурет БЖҚ мұрағатынан алынды.

 

алдағы тендердің тізбесіне