Youth Movement

Балалардың қуанышына

30.04.2019

Компанияның біріккен жастар қозғалысы Екібастұз қаласы ІІД-нің кәмелет жасқа толмағандардың істері бойынша испекциясымен бірге аз қамтылған отбасылардың балалары үшін кезекті қайырымдылық акция өткізді.

Өткен демалыста олар өздерінің қамқорлыққа алған балалары үшін «Шахтер» демалыс саябағына мәдени жорық ұйымдастырды. Балалар спорттық жарыстарға қуана-қуана қатысты, асфальтта ашық түсті суреттер салды. Артынан балаларға тәттілер берілді. Көңілді өткізілген уақыт оларға ұмытылмас оң әсерлер сыйлады.

Қанат АЛДАБАЕВ 

Сурет БЖҚ мұрағатынан алынды.

 

алдағы тендердің тізбесіне