Youth Movement

Бумеранг болып оралсын десең

03.09.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасының өкілдері мен қоғамдық жастар қозғалысының белсенділері екібастұздық аз қамтылған отбасылардың балалары үшін мектепке арналған кеңсе керек-жарақтарын жинауға бағытталған, «Жас Отан» жастар қанатымен ұйымдастырылған «Бумеранг» қалалық қайырымдылық акциясына қатысты.  

Акцияға қатысушылар жаңа оқу жылында ата-аналарға қолдан келерлік көмектерін көрсете отырып балаларға қажетті әртүрлі мектеп керек-жарақтарын алды. Кейбір балаларды мектепке киіндіру қажет болды. Бұның барлығы «Бумерангтың» арқасында мүмкін болды.

«Богатырь Көмір» кеншілері үшін «Бумеранг» соңғы акция емес еді. Жуырда компания жұмыскерлері оқу жылына дайындықта қаржы қиыншылықтарын бастап кешірген ата-аналардың балалары үшін мектеп керек-жарақтарын сатып алуға қаражат жинау бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» акциясына қолдау көрсетеді.  

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет «Богатырь Көмір» компаниясының әлеуметтік даму басқармасының мұрағатынан алынды.  

 

алдағы тендердің тізбесіне