Youth Movement

Тимбилдингке қатысты

10.07.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының біріккен  жастар қозғалысы өздері де қатысқан көшпелі тимбилдинг ұйымдастырды.

Өткен демалыста көмір кәсіпорнының жиырмаға жуық жас қызметкері демалыс күнінің жолдамасы бойынша «Березка» демалыс үйінде болып қайтты. Жастар бұнда демалу үшін және жұмысқа пайдасын тигізетін уақыт өткізу үшін келді. Олар өздері де қатысқан тимбилдингті бірінші рет өз беттерімен ұйымдастырды. Қатысушы-ұйымдастырушылардың пікірі бойынша аталмыш іс-шаралар командамен жұмыс істеуге, келісуге, ортақ міндетті шешуге және бір-біріне сенуге септігін тигізеді. Екі командаға бөлінген олар эстафета түрінде өздеріне берілген барлық сынақтардан өтті және психологиялық жеңілдеуге көмектесетін жаттығуларды орындады. Тимбилдингтен соң балалар төңіректі аралады және Баянауыл ұлттық саябағында өткізілген туризм бойынша «Богатырь Көмір» компаниясының біріншілігінде медаль үшін жарысқа түсті.

Марина ПОНКРАТОВА
Суреттер "Богатырь Көмір" компаниясының БЖҚ мұрағатынан алынды.

алдағы тендердің тізбесіне