Youth Movement

Жастарды біріктіретін қозғалыс

05.05.2018

Мемлекеттік жастар саясатына көмектесу мақсатында 2003 жылдан бастап, «Богатырь Көмір» ЖШС-інде  жеке жастар бағдарламасы табысты іске асырылуда. Оның  жетекші рөлін көмір шығаратын кәсіпорынның басшылығымен кәсіподақ комитетінің қолдауымен сол жылы құрылған бірлескен жастар қозғалысы  (БЖҚ)  атқарады. Жас  белсенді  Евгений Магулдың басқаруымен және жеке құрам және әлеуметтік саясат бойынша Дирекцияның  бас маманы Тамара Карпецтің белсенді қатысуымен энтузиастар дың шағын тобымен  құрылған қозғалыс сол жылдар ішінде өз қатарларына әр  түрлі мамандықпен әр түрлі  мамандардың өкілдерін таңдап алды. Сол жылдар ішінде  қозғалыс белсенділерінің құрамы жаңартылып отырды, ал көп жыл жұмыс жасаған тәжірибелерін олардың ізбасарлары қабылдады. Әр жылдары БЖҚ көшбасшылары болғандар: А. Шафоростов, З. Жаимулдинова, Б. Торетаева, П.Баранов. Бүгінгі  таңда жастар қозғалысын Асылбек Нұрғалиев басқарады. Тұрақты түрде әрекет ететін жұмысшы жастардың Кеңесі енетін өздерінің ұйымдастырушылық  құрылымы құрылды. БЖҚ жүргізілетін жұмыс  жас жұмысшылармен мамандарды әлеуметтік бейімделуге және олардың кәсіби өсуіне жағдай жасайды.

Бірлескен жастар қозғалысының басты міндеттері болып қалатындар: 

  • жұмыс мамандығының кәсіби шеберлігн және беделін көтеру;
  • жастардың шығармашылық бастамаларын дамыту;
  • жастарды жұмыспен қамтуға ықпал ету, кәсіпорында жас кадрларды бекіту және сақтау;
  • мәдени-бұқаралық жұмыстарды  және жастардың бос уақытын ұйымдастыру,
  • жастарға арналған спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізу арқылы салауатты өмір салтын насихаттау;
  • жастардың еңбек және әлеуметтік мәселелерін шешу;
  • тұрғын үй-тұрмыстық мәселелерін шешу;
  • жас отбасыларды қорғау;
  • жас мамандардың кәсіби өсуіне ықпал ету.

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес БЖҚ мүшелері корпоративті іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде: «Мамандығы бойынша ең үздік» атағына кәсіби шеберлік конкурстарына, экологиялық десанттарға,  «Жасыбай» демалыс орталығының аумағында «Қоқыс жоқ!», «Таза жағалау» акцияларына, сонымен қатар қаланы абаттандыруға және жасылдандыруға қатысады.

БЖҚ белсенділері  Екібастұз кәмелет жасқа толмаған балалармен жасөспірімдер үйінің тәрбиеленушілері үшін мейірімді достарына айналды. Жыл сайын жас кеншілер «Нұр Отан» бастапқы партия ұйымымен бірлесіп, балалар үшін  жаңа жылдық қайырымдылық шыршасын өткізіп, олар қалаған сыйлықтарды сыйға тартады, Наурыз мейрамы кезінде мерекелік дастархан жаяды, Халықаралық балаларды қорғау күнінде танымдық-ойын бағдарламасын ұйымдастырады.

Ұрпақ сабақтастығының ежелгі дәстүрін сақтай отыра, «Богатырь Көмір» жас ауысымы  еңбегі сіңген ардагерлерімізбен кездесіп, қолдан келгенше көмек көрсетеді.

Бірлескен  жастар  қозғалысының мүшелері  8 наурыз – халықаралық әйелдер күніне, Наурыз-мейрамына, Жеңіс Күніне, Шахтер Күніне, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік Күніне арналған іс-шараларды ұйымдастыруда және өткізуде белсене қатысады. КВНды, «Өз жұлдызыңды жақ!», «Күзгі бал» өткізуде жастар шығармашылық энтузиазммен және креатив жағынан  келеді.

Жас «богатырьліктер» қалалық, облыстық және республикалық деңгейдегі турнирлердің әр түрлі спорт түрлеріне қатысып, жоғары жетістіктерге жетуде.  Серіктестікте спортпен шұғылдануға барлық жағдай жасалған, құрамында футбол алаңы, ойын залы, ауыр атлетика залы, фитнес-залы, үстел теннисін ойнайтын фойе, хауызы бар сауна, душы бар шешінетін орны, үлкен тенниске арналған жасанды төсемесімен алаңы бар жеке өздерінің спорттық-сауықтыру кешені бар. Тұрақты негізде бұл жерде футбол, шағын футбол, волейбол, баскетбол, үстел теннисі, қазақша күрес бойынша жарыстар өткізіліп тұрады.

Өз қызметтерінде бірлескен жастар қозғалысы кәсіпорын әкімшілігімен және серіктестіктің кәсіподақ комитетімен тығыз әрі табысты жұмыс жасауда. Бірлескен жастар қозғалысының барлық бастамалары барлық жағынан қолдау алады.

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі

 

алдағы тендердің тізбесіне