Кәсіподақ

Жұмыс жалғасады

04.02.2019

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақ басшылығы өткен жылғы жұмысына қысқаша қорытынды жасау үшін «Богатырь Көмір» компаниясының еңбекшілерімен ақпараттық кездесу өткізді. 

Жергілікті кәсіподақ төрағасы Қайролла Тұратаев жиналғандарға атқарылған жұмыс туралы есеп берді. Павлодар облысындағы жыл сайынғы инфляция қарқына сәйкес индекстеу жүргізуден басқа еңбекақы сомасын ұлғайту сияқты мәселе «Батыр Көмір» төрағасының айтуынша әлі де талқыланып, компанияның жаңа басшылығымен зерттелетін болады. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жыл сайынғы жолдауындағы еңбекақыны 30%-ға көтеру туралы жұмыс берушілерге жіберген ұсынысын «Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» павлодар кәсіподақ бірлестігі қолдады.  Оның төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Динара Айтжанова кәсіпорын басшылары елбасы саясатына сөзбен емес іспен дәлелдейді деп кездесуге қатысушыларды үміттендірді.

- Бұны біз жуырда еңбекақы туралы түбіртектен көретін боламыз, - деді Динара Айтжанов, - «Павлодар облысы кәсіподақ орталығы» өкілдеріне сұрақ қоюға ниет білдіргендерге Павлодарда (7182) 32 18 45 телефоны жұмыс істейді.

Қайролла Тұратаев іс-шараның соңында осындай іс-шараны тұрақты негізде өткізу туралы жергілікті кәсіподақтың жоспары туралы айтты.

Марина ПОНКРАТОВА 

Суретке түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне