Кәсіподақ

Жолдастары үшін ойнады

22.08.2018

«Березка» демалыс үйінің футбол алаңында «Богатырь Көмір» компаниясының әкімшілігімен және «Батыр Көмір» локалды кәсіподақ комитетімен ұйымдастырылған Александр Шмеердің Кубогына арналған ардагерлер арасында футбол бойынша жыл сайынғы турнир өтті.  

Кәсіподақтың дарынды басшысын құрметпен еске алу үшін оның бұрынғы ұжымы және әртүрлі футбол жарыстарына бірге қатысқан жолдастары жиналды, олар спорттың осы бір қызықты да көріністі түрінің нағыз табынушылары болған еді.  

Кездесудің қорытындысы бойынша Кубок Александр Петров басқарған «Локомотив» командасына бұйырды. «Кеншілер» екінші орынға ие болды.

Турнирдің үздік шабуылшысы болып Төлеген Мұқанов, үздік қорғаушысы болып Дмитрий Минаков, үздік голкипер болып Ильяс Базилов танылды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ақшалай сыйақылармен және құрмет грамоталармен марапатталды.

Марина ПОНКРАТОВА

Турнирге қатысушылардың суреті.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне