Кәсіподақ

Кәсіподақтың кеңейтілген отырысы

02.05.2018

«Богатырь Көмір» компаниясында басшылықтың және «Батыр Көмір» локалды кәсіподағының кеңейтілген отырысы өткізілді. Жиналғандарды кәсіпорындағы еңбекті қорғау мәселесі алаңдатты, ұжымдық шартқа толықтырулар енгізуге тоқталды, сондай-ақ бас директор Рустам Сансызбаевпен компанияның кәсіподақ қайраткерлерінің кездесу қорытындысы талқыланды.

 Отырыс Кемерев қаласындағы «Зимняя вишня» сауда-ойын-сауық орталығында қаза тапқандарды, кузбастық шахтер-әріптестер мен олардың балаларын еске алу үшін минуттық үнсіздікпен басталды. Сосын кәсіподақ комитетінің төрағасы Қайролла Тұратаев ақырғы кезде талқыланып келе жатқан өмір қауіпсіздігі тақырыбын жалғастыра келе «Богатырь Көмірдің» әрбір көмір өндірушісін өндірісте техника қауіпсіздігін сақтауға және жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін еңбекті қорғау ісіндегі жауапкершіліктің жартысын өзіне алуға шақырды.   Мәселенің көкейтестігі компанияда басталған Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне арналған айлықтың аясында ғана баса айтылмады. «Богатырь» кенішінен кәсіподақ комитетінің төрағасы Сергей Михайлюктің айтуынша техника қауіпсіздігін сақтауға қырағылық таныту мен байыпты қарау ұжымда әрдайым болу қажет. Кәсіпорында жуық уақытта өртке қарсы қорғаныс мұқият тексерілетін болады. Сонымен қатар, отырыста өндірістік учаскелердегі өрт сөндіргіштерге ревизия жүргізу мен оларды қолдану бойынша жоспардан тыс нұсқаулықты ұйымдастыру туралы ұсыныс түсті.

 Кәсіподақ басшысы жұмысшылардың әлеуметтік мүдделерін қорғауға бағытталған ұжымдық шарт мәселесіне тоқтала келе жұмыскерлер тарапынан оны жақсарту бойынша негізделген ұсыныстар  13 сәуірге дейін қабылданатынын хабардар етті. Содан кейін ол арнайы құрылған комиссияның және компания басшысының қарауына түседі. Жаңартылған ұжымдық шарт бір-екі айда дайын болады деп күтілуде. Бірақ көрсетілген мезімнен соң кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінен жаңа ұсыныстардың түсуіне қарай ұжымдық шарттың соңғы нұсқасын дайындау үшін комиссия тиісті өзгерістерді енгізу бойынша жыл бойы жұмыс істейтін болады. Бұл уақытта оған жаңа ұсыныстар енгізілуі мүмкін. Оның жартысы отырыста айтылды.

 Ұжымдық шарт бойынша кейбір жағдайлар бас директор Рустам Сансызбаевпен кездескенде талқыланып оның жеке бақылауына алынған болатын. Сондай-ақ отырыста «Батыр Көмір» кәсіподақ комитеті компания басшысымен бірге шешуге ниеттенген басқа да мәселелер қозғалды. Олар  «Богатырь Көмір» жұмыскерлерін шипажайлық-курорттық емдеумен қамтамасыз етуге және басқа жағдайларға қатысты мәселелер.  

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне