Кәсіподақ

Салалық келісімнің жобасы талқыланды

04.07.2018

«Богатырь Көмір» локалды кәсіподағының басшысы Алматы қаласында өткен «Энергетиктердің Қазақстандық салалық одағы» атқарушы комитетінің ОК пленумына қатысты, онда 2019-2021 жылдарға арналған энергетика министрлігі, қазэнергокәсіподақ пен жұмыс берушілер арасындағы салалық келісімнің жобасы талқыланды.

«Энергетиктердің Қазақстандық салалық одағының» құрамына енетін 101 кәсіподақ ұйымының өкілдері әлеуметтік кепілдіктер саласында жаңа салалық келісімді жақсарту үшін өздерінің ұсыныстары мен толықтыруларын жинақтай келе оңтүстік астанада жиналды. Ол келісім ендігі жылы күшіне енуі қажет. Сондай-ақ, демалыстың минималды ұзақтығын 30 күнтізбелік күнге ұлғайту және 1 разрядтағы ең аз еңбекақы көлемін республикада белгіленген ең аз айлық еңбекақы деңгейінен бір жарым көлемге дейін көтеру, сонымен қатар мемлекеттік мерекелерге біржолғы төлемдер беру және зейнеткерлікке шыққан кезде қосымша ақы төлеуді енгізу ұсынылды. «Богатырь Көмір» локалды кәсіподағы салалық келісімге тікелей көмір саласына қатысты тармақтарды қосу туралы ұсыныспен шықты. Олардың пікірлерінше жаңа құжатта еңбек жағдайларына байланысты көмір саласы жұмыскерлерінің салалық коэффициентінен асып кететін қауіпті жағдайларда еңбек ететін және зиянды (аса зиянды) және қауіпті жағдайларда, ауыр жұмыстарда еңбек ететін жұмыскерлер үшін еңбекақының минималды стандарты  болуы қажет.

Пленумнан соң салалық келісімге ұсыныстар мен толықтырулар жинау бойынша жұмыстар орындарда жүргізілетін болады. Бұл үшін арнайы комиссия құрылады, оның құрамына жұмыс берушілер тарапынан кәсіпорын өкілдері, министрліктің және салалық кәсіподақ басшыларының өкілдері кіретін болады. Құжат соңғы рет талқылаған соң және ол бойынша соңғы шешім қабылданған соң оған қол қойылады. Ол осы жылдың аяғына келесі жылдың басына жоспарланды.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет ашық интернет-көздерден алынды. 

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне