Кәсіподақ

Бассейн арқылы денсаулыққа

18.05.2018

«Батыр Көмір» кәсіподақтық комитеті №2 БЖСМ суда жүзетін бассейнге кіруге тегін абонемент санын көбейтумен қосымша екі шарт жасасты. Енді су ем-шараларымен өз денсаулықтарын жақсартуға компанияның жүзге жуық жұмыскерлерімен отыз көмір саласының ардагерлері мүмкіндік алды.

Кәсіпорын қызметкерлері  бассейнге дүйсенбі немесе сенбі сайын кешкі уақытта сағат 18.00-ден 20.00-ға дейін және 20.00-ден 22.00-ге дейін қатыса алады. Зейнеткерлер үшін су жаттығулары сенбі сайын сағат 8.00-ден 10.00-ге дейін кәсіподақпен берілген абонемент бойынша өткізілетін болады. 

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының ақпараты бойынша

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне