Кәсіподақ

Жаңа ынтымақтастық қарсаңында

02.05.2018

14 наурызда «Богатырь Көмір» компаниясында жұмыстарына көмір кәсіпорнының жұмыскерлер  арасынан делегаттар қатысқан «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының  кәсіподақтық мәжілісі өтті. Шақырылғандар арасында – серіктестіктің әкімшілік өкілдері, дирекция және  құрылымдық бөлімшелер басшылары, сонымен қатар «Қазақстан салалы энергетиктер кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас. Мәжілістің жұмыс барысында  «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақтың «Казэнергокәсіподағы» құрамына кіру туралы шешім қабылданды.

Мәжіліс «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағындағы атқарушы комитеттің  құрамын бекітуден басталды. Талқылауы алдын ала кәсіпорынның барлық  құрылымдық бөлімшелерінде өткен кандидатуралар бір ауыздан қабылданды.

Атқарушы комитет құрамына сайланғандар: кәсіподақтық комитет төрағасы Қайрула Туратаев, оның  орынбасары- Владимир Скворцов. Кәсіподақтың атқарушы комитетінің өкілдері болып «Богатырь» кенішінен Сергей Михайлюк, Константин Никифоров және Василий Печеный, Богатырь ЖКБ-нан -   Василий Кулинский, Александр Назаренко және Николай Голубев, ТКЖЖ зауытынан Виктор Слободенюк бекітілді. Темір жол жабдықтарын жөндеу бойынша Басқармасынан - Андрей Кирильчев, бас энергетик Қызметінен- Назымбек Бейсембаев, технологиялық көлік Басқармасынан - Ирина Филатова, Автобазадан - Ляззат Смакова,  компанияның ардагерлер кеңесінен - Елизавета Майненгер  және Уразбай Махамбетов кәсіподақтық ұйымының өкілі болады.

Қатаң «келісемінді» мәжіліс делегаттары айтты және бұл «Батыр Көмір» жергілікті кәсіподақтың қазақстандық салалы энергетиктер кәсіподағына ену пайдасына шешілді. «Батыр Көмір» төрағасы Қайрула Туратаевтың сөзі бойынша,  дәл осы салалы кәсіподақты таңдау кездейсоқ болған жоқ:

- Өз таңдауымызды біз, Қазақстанда 20 жылдан аса көмір өнеркәсібі министрлігінің жоқ болуымен түсіндіреміз. Көмір өнеркәсібінің бөлімі энергетика министрлігінің құрамына кіреді. Энергетиктер кәсіподағымен бірлесіп, біз серіктестік жұмыскерлерінің көптеген әлеуметтік мәселелерін шеше аламыз.  Солай біз көп жылдан бері қалыптасып кеткен және үнемі сақталып келе жатқан шахтерлер дәстүрінен бас тартпаймыз.

«Батыр Көмір» кәсіподағының атқарушы комитет отырысында жаңа ұжымдық шарт жобасын әзірлеу бойынша жұмыс комиссиясының құрамы бекітілетін болады. Одан кейін біз серіктестік әкімшілігіне ұжымдық келісулер басталғаны туралы ұсыныс жібереміз. Онымен бірге компанияның еңбек шартында ұжымдық шартқа ұсыныстармен толықтырулар жинау бойынша жұмыстар жүргізіледі. Біз оны әлеуметтік жеңілдіктермен кепілдемелерді кеңейту мәселелерінде толықтыратын боламыз. Сондықтан бүгінгі күнде 6281 адам болып саналатын кәсіподақтың барлық мүшелерінің өз ұсыныстарын енгізу жоспарында белсенділіктеріне сенеміз.

«Батыр Көмір» жергілікті кәсіподағының «Қазэнергокәсіподағымен» ынтымақтастықтың келешегі жайлы жиналғандарға «Қазақстан салалы энергетиктер кәсіподағы» ҚБ төрағасы Оразбек Бекбас әңгімелеп  берді:

 

 -қазақстандық салалы энергетиктер кәсіподағының құрамына жұмысшылар саны 42 мыңнан асатын 99 кәсіпорын кіреді. Олардың ішінде Екібастұз МАЭС-1 және МАЭС-2, Қазақстан Республикасының шығыс және батыс, Алматы энергокешенінің барлық кәсіпорындары, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл ЖЭО, сонымен қатар «Самұрық-Энерго» басқару компаниясының жергілікті кәсіподағы және оның барлық еншілес кәсіпорындары. Сіздердің компанияларыңыз ең ірі болып табылады.

Біз, «Самұрық-Энергомен» еңбек әуелеті мәселесі және сіздердің спортсмендеріңіз белсенді қатысқан спартакиаданы өткізу бойынша жұмыс жасай отыра, «Богатырь Көмір» ЖШС-мен тығыз байланыс орнатқан болатынбыз. Биылғы жылы біздің қатысуымызбен, «Самұрық-Энерго» даму жоспарына сіздердің компанияларыңыздың мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуге демеушілік көмекке 115 млн.теңге салынды. Бүгінгі күнде біз, басқарушы компанияның даму жоспары арқылы «Көкшебель» санаториясында сіздердің шахтерларыңыздың демалуымен тегін емделуін ұйымдастыруға қаражат бөлінуі үшін жұмыс жасап жатырмыз.

Біз, сіздердің басшылықтарыңызбен бірлесіп, ұжымдық шартқа толықтырулар енгізу арқылы еңбек жағдайын ұйымдастыру, еңбек ақы төлеу, әлеуметтік  жеңілдіктер саласында жақсарту бойынша мәселелерді қайта қарап, жұмыс беруші тарапынан міндеттемелердің орындалуын қадағалайтын боламыз. Солай, біздің жұмысымыз толығымен сіздердің компанияларыңыдың әр жұмыскерін қорғауға бағытталатын болады.

Марина ПОНКРАТОВА

Фотосүрет Олег МАЛЬЧУКТІКІ.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне