Кәсіподақ

Өз үлесін қосты.

08.06.2018

6 маусымда «Березка» демалыс Үйіне және «Қарлығаш» балалар сауықтыру орталығына демалушылардың алғашқы келулері өтті.

«Жасыбай» демалыс Орталығында жазғы маусымның ашылуына дайындыққа өз үлесін «Батыр Көмір» Жергілікті кәсіподағыда қосты. Серіктестік жұмыскерлерімен олардың отбасыларының жақсы уақыт өткізу және спорттың әр түрімен айналысу үшін, сонымен қатар мәдени іс-шараларды ұйымдастыру үшін кәсіподақ ақшалай қаражат бөлді. Оған футбол, баскетбол және волейбол доптары, теннис ракеталары және кішкене шарлар, волейбол және баскетбол торлары, құрсаулармен өзге де спорттық құрал-саймандар алынды.

«Батыр Көмір» Жергілікті кәсіподағының ақпараты бойынша

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне