Кәсіподақ

Мүгедек балаларға көмек

01.06.2018

Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған іс-шаралар аясында «Самұрық-Энерго» Жергілікті кәсіподағы» ҚБ атқарушы комитеті «Самұрық-Энерго» АҚ компаниясы Топтарының кәсіпорындарында жұмыс жасайтын және кәсіподақ мүшесі болып табылатын ата-аналардың 14 жасқа дейінгі мүгедек балаларына материалды көмек көрсету туралы шешім қабылдады. Әр балаға көрсетілетін көмектің мөлшері 22 222 теңге 22 тиынды құрайды.

«Богатырь Көмір» ЖШС жұмысшыларына – кәсіподақ мүшелеріне материалды көмекті алуды рәсімдеу үшін «Батыр Көмір» Жергілікті кәсіподағына жолығып, келесі құжаттарды ұсыну керек: баланың мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қолданудың тиісті мерзімімен), мүгедек баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, ата-ананың бірі шынымен «Богатырь Көмір» ЖШС жұмыс жасайтынын растайтын жұмыс орнынан анықтама, ақшалай қаражат қай ата-ананың есеп айырысу шотына аударылатын болса, сол ата-ананың жеке куәлігінің көшірмесі. Сонымен қатар банктің карточкалық базасында 20-таңбалы ағымдағы шоттың ашылуы туралы хабарлама, бұл ретте ескеретін жайт: жіберілетін шот  мемлекеттік төлем және басқа да төлемдер үшін арналған шот болмауы тиіс.

«Батыр Көмір» Жергілікті кәсіподақ ақпараты бойынша

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне