Кәсіподақ

Бассейнге - тегін

05.05.2018

Серіктестік қызметкерлерінің денсаулығы «Батыр Көмір» локальді кәсіподақ ұйымы қызметінің басты мақсаты болып табылады. Оның дәлелі ретінде «Батыр Көмір» локалды кәсіподақ ұйымының мүшелеріне атқарушы комитет бассейнге тегін абонемент табыстауы болып табылады. Акция жұмыскерлердің денсаулығын нығайтып, аурулардың алдын алуды мақсат етті.  Қортындылай келе тегін абонементке 30 зейнеткер мен 30 қызметкер ие болды. Болашақта бассейнге баруға қосымша күндер бөлінген соң,   тегін абанементтер санын ұлғайту көзделген.

«Батыр Көмір» локальді кәсіподағының ақпараты бойынша.

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне