Кәсіподақ

«Кішкентай батырда» қонақта

29.05.2018

«Батыр Көмір» локальді кәсіподағының басшысы «Богатырь Көмір» компаниясының Богатырь жүк көлік тиеу басқармасының №2-ші энергошаруашылық учаскесі бастығы Лукьянчук Виталидің отбасында қонақта болды. Аталмыш отбасында шамамен бір ай бұрын Савелий есімді кішкентай батыр дүниеге келген.

 Өзінің салмағымен туғандары мен барлығын таң қалдырған кішкентай батыр бір айдан асты. Батырымыздың аталмыш мерекесіне компания атынан «Батыр Көмір» локальді кәсіподағы  шағын ақшалай сыйлығын табыстады.

«Батыр Көмір» кәсіподағының төрағасы Қайролла Тұратаев «кішікентай батырды» құттықтап, анасы Олесяға гүл сыйлады. Лукьянчук отбасына денсаулық, бақ-береке, кішкентай батыр  - Савелийге нағыз ер жігіт болып өсіп, өзінің туғандарына тірек болуын тіледі.       

Марина ПОНКРАТОВА

Фото автордікі.

 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне