Кәсіподақ

Жұмыс жалғасуда

06.05.2018

«Богатырь Көмір» ЖШС-інде жаңа ұжымдық шартты жобалау жалғасуда. Компанияның барлық құрылымдық бөлімше жұмыскерлерінің ұсыныстары жиналып алынды. Барлығы елу шақты жиналды. «Батыр Көмір» локальді кәсіподақтың атқарушы комитет мүшелері кейбір ұсыныстары жіті зерттеліп, Келісім жобасына енгізілетіне сенім білдірді. Ұсыныстар мен толықтыруларды енгізу туралы шешімді жаңа Ұжымдық шартты жасау бойынша арнайы құрылған комиссия шешеді.

«Батыр Көмір» локальді кәсіподақ ақпараты бойынша. 

Кәсіподақтың мақалалар тізіміне