Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

ПРЕСС-РЕЛИЗ. Итоги 2012 года

16.01.2013

 

Екібастұз,  2013 жыл, 16 қаңтар

«Богатырь Көмір» ЖШС Қазақстан-Ресей бірлескен кәсіпорнының кеншілері көмірді  сату бойынша 2012 жылдың бағдарламасын  рекордтық көрсеткішпен аяқтады. 12 айдың ішінде олар өз тұтынушыларына 44 миллион тонна көмір жөнелтті. Бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 8,8 пайыз жоғары. Компания мұндай жоғары нәтижеге Екібастұз көмір алабында еңбек етіп жүрген төрт жыл ішінде алғаш рет қол жеткізді.Бұл кезеңнің өзіндік ерекшелігі сонда, компания алдына тәуліктік энергетикалық отын тиеуді ұлғайту бойынша тапсырма берілді. Тапсырма ойдағыдай орындалды. «Богатырь Көмір» ЖШС кеншілері бар мүмкіндікті пайдалана отыра бес айдан аса тұтынушыларға тәулігіне 150 мың тоннаға дейін көмір жөнелте бастады. Кәсіпорынның өндірістік қуатын 30 пайызға арттырды. Осындай күрделі жағдайда кеншілердің тау-кен құрал-жабдықтарын жөндеу бойынша бағдарламаларын толық көлемде орындағандарын атап өту керек.

2012 жылы қазақстандық  электр станцияларына 28,7 миллион тонна көмір жеткізілді. Бұл 2011 жылдың көрсеткішінен 3,7 миллион тонна артық немесе 15 пайызға жоғары. Екібастұз ГРЭС-1 станциясының бұған қосқан үлесі қомақты. Бұл станция 2011 жылы 6,6 миллион тонна көмір жақса, 2012 жылы 9,7 миллион тонна көмір тұтынды. «АлЭС» АҚ 2-жылу электр орталығы жылу мен электр энергиясын өндіруге екі миллионнан аса  көмір пайдаланды. Республика көлемінде «Павлодарэнерго» АҚ ПТЭЦ-3, «АлЭС» АҚ 3-ЖЭО, «Джет-7» ЖШС, «Астана-Энергия» АҚ 2-ЖЭО, «Көкшетау жылуы» мемлекеттік қазынашылық кәсіпорындары тағы басқалар   «Богатырьдің» көмірін пайдаланып, оның өнімін көбейтті.

 2012 жылы Ресей электр станцияларына 15,3 миллион тонна көмір сатылды. Бұл 2011 жылғы  көрсеткіштен 1,2 пайызға төмен. Көмірді тұтынудың азаюы ірі тұтынушылар Троицк және Серов ГРЭС-терінің есебінен болды. «Богатырьдің» көмірін тұтынуды Тула облысындағы Черепетск ГРЭС-і, Алтай аймағындағы Бийскэнерго» АҚ Бийск  ЖЭО көбейтті. 2012 жылы бұл энергия нысандарына жалпы алғанда 277 мың тонна отын сатылды.

 «Богатырь Көмір» ЖШС өнімді шығару көлемі бойынша Қазақстандағы 30 ірі кәсіпорындардың қатарында. Қазіргі уақытта оның құрамына «Богатырь» және «Северный» кеніштері, екі құрғату шахтасы, қосалқы және өндіріске қызмет көрсететін жеті кәсіпорын кіреді.

 Компания өз өнімдерін Балқаш ЖЭО жеткізуді жоспарлап отыр. Бұл станция жылына 6 миллионнан 9 миллион тоннаға дейін көмір тұтынатын болады. Өнімнің өсуіне 2017 жылы «Богатырь» кенішінде іске қосылатын көмірді тасымалдау мен біркелкілеу, өндіруді іске асыратын  цикльді толассыз технология  мүмкіндік береді. Цикльді толассыз технология «Богатырь» кенішінің өндірістік қуатын 50 миллион тоннаға дейін жеткізеді.

 Алдағы жылдарда көмірге деген сұраныстың артатындығын есепке ала отыра бүгінгі күні кәсіпорында «Северный» кенішін одан әрі дамыту бойынша жобамен жұмыс жасалуда. 2020 жылдан кейін кеніштің қуатын  сегіз миллионға ұлғайтатын цикльді-толассыз технология енгізілетін болады. Осының есебінен «Богатырь Көмір» компаниясының өндірістік қуаты 58 миллион тоннаға жететін болады.

 

  «Богатырь Көмір» ЖШС  баспасөз қызметі.

тел: 87187 223757.

Пресс-релиздер тізіміне