Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

«Богатырь» кенішінде циклді-толассыз технология ЦТП жобасын жаңғырту туралы қосымша келісімге қол қойылды

21.12.2017

2017 жылдың 07 желтоқсанында Амстердам қ. (Нидерланды) «Богатырь Көмір» ЖШС («Самұрық-Энерго» АҚ-ның 50%-дық еншілес ұйымы) мен ThyssenKrupp Industrial Solutions AG арасында Екібастұз көмірдің кен орыны «Богатырь» кенішінде көмірді шығару, тасымалдау, орташалау мен артудың циклді-толассыз технологиясына өту бойынша жобаны іске асыруды жаңғырту туралы қосымша келісімге қол қойылды.       

ЦПТ жобасы «Богатырь» кенішінің көмірді конвейерлік көлікпен орташалау қоймасына жеткізу, сосын оны жүк тиеу кешендерінің үстіне артудың толассыз технологиясына кезеңдеп өтуді жобалайды. Жобаны іске асыру қажеттілігі теміржол көлігін қолданудың тиімділігі аздау болатын тау-кен жұмыстарының тереңдігіне қол жеткізуге байланысты.

Жобаны іске асыру «Богатырь» кенішінің көмірді шығару бойынша өндірістік күшін жылына 32-ден 40 млн.тоннаға дейін ұлғайтуға, еңбек өнімділігін көтеруге, көмірді шығарудың өзіндік құнын төмендетуге және көмірді арту мен тасымалдауға арналған негізгі құралдарды жаңартуға мүмкіндік береді.                                   

Анықтама үшін

«Богатырь Көмір» Компаниясы «Самұрық-Қазына» қазақстандық ұлттық әл-ауқат қорының «Самұрық-Энерго» АҚ және «РУСАЛ» Ресей біріккен компаниясымен бірге көмірді ашық тәсілмен шығару бойынша бірлескен кәсіпорын болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейнінде өндірілетін көмірдің 60 пайызы және Қазақстан Республикасында шығарылатын көмірдің жалпы көлемінің 40 пайызы енеді. «Богатырь Көмір» ЖШС көмірді ашық тәсілмен шығару бойынша әлемдегі ең ірі кәсіпорын, оның баланстық қоры 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндірістік күші жылына 42 млн.тоннаны құрайды, оның ішінде «Богатырь» кеніші бойынша – 32 миллион тонна, «Северный» кеніші бойынша – 10 миллион тонна.

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Байланыс телефондары: 8 (7187) 223657, 223757.

Пресс-релиздер тізіміне