Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

Техникалық жаңартудың курсы

13.06.2017

Екібастұз қ., 13.04.2017 ж. - «Богатырь Көмір» компаниясы СРс(К)-2000 №2147 роторлық экскаваторын жаңартуға кірісті. Сексенінші жылдардың ортасынан қолданыста жүрген тау-кен шығарушы машинаны ағымдағы жылдың наурызында жөндеу алаңына қойды.

СРс(К)-2000 №2147 роторлық экскаваторын жаңартудың аясында электржабдықтарын, кабельді өнімді, конвейер жетектерін, роторлық доңғалақты толығымен ауыстыру, сондай-ақ басқару жүйесін, машинистердің кабиналарын және өзінің техникалық ресурсын істеп шығарған механикалық тораптарды ауыстыру қарастырылған. Қазіргі уақытта ТКЖЖ зауытының мамандары экскаватор бригадасымен бірге машинаның жүріс механизмін жөндеумен айналысуда. Сондай-ақ, бәсеңдеткіштерге, трактарға демонтаж жүргізілді, катоктарға жөндеу жасалды, А тірегінің жүріс арбашасы жинақталды және В мен С тіректерінде жұмыстар жүргізілуде. Сонымен қатар роторлық торапты ауыстыру бойынша дайындық жұмыстары орындалуда: роторлық доңғалақтың және жетекті электрқозғалтқыштардың шөміштерін демонтаждау жүзеге асырылды, бәсеңдеткіш жартылай бөлшектелді. Қажетті қосалқы бөлшектер мен машинаға арналған толымдаушылар Германиядан, Ресейден, Украинадан, сондай-ақ отандық өндірушілерден жеткізіледі, кейбір бөлшектер ТКЖЖ зауытында өз күштерімен әзірленеді. Келесі кезеңде роторлық жебе мен қарсы салмақ консольінің астына тіреу орнату жоспарланып отыр, ол барлық жабдыққа демонтаж жасауға, оны жөндеп, ауыстыруға мүмкіндік береді. Ескі электржабдықтарға – электраппараттардың шкафтарына, тетіктерге, электр қозғалтқыштарға, кабельді өнімге, кабельді астауларға демонтаж жүргізуге 22 мамырда кіріседі. Ең күрделі кезең – жаңа электржабдықтарын орнату маусымның екінші он күндігінде жоспарланып отыр. Бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес СРс(К)-2000 №2147 роторлық экскаваторды жаңартуды 20 қарашада аяқтау жоспарлануда. Мамандардың пікірі бойынша жүргізіліп жатқан жаңарту экскаватордың пайдалану мерзімін 10 жылға – 2027 жылға дейін ұзартуға мүмкіндік береді. Жұмыстың орындалу барысы «Богатырь Көмір» ЖШС-нің ерекше бақылауында. Тапсырыс берушімен бірге орындалатын жұмыстың сапасына бас қадағалауды «TAKRAF GmbH» дайындаушы неміс фирмасы-компаниясының өкілі жүзеге асырады. 

«Богатырь» кенішінде техникалық қайта жарақтандырудың ұқсас рәсімін әртүрлі жылдары №№ 1143, 1144, 1145, 1146 роторлық экскаваторлары бастан кешірді. Есте қаларлығы,  СРс(К)-2000 №2147 экскаваторына алдыңғы барлық төрт машинаға жабдықталған дәл сондай электржабдығы мен басқару жүйесін орнату жоспарланып отыр. Ал бұл өз кезегінде қызметкерлерге жаңартылған экскаваторда жұмыс істеу дағдыларын қайтадан үйретуді қажет етпейді.

Анықтама үшін

«Богатырь Көмір» компаниясы – «Самұрық –Қазына» ұлттық әл – ауқат қорының «Самрук –Энерго» АҚ және «РУСАЛ» Ресейлік бірлескен компаниясымен бірге көмірді ашық тәсілмен өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейінінің өнідірілетін көмірінің 40 пайызы, ҚР бойынша өндірілетін көмір көлемінің 60 пайызы  тиесілі.  

«Богатыр Көмір» ЖШС әлем бойынша ашық тәсілмен көмір өндіретін ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Оның баланстық қоры – 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндіріс күші жылына 42 млн. тонна құраса, оның 32 млн.тоннасы «Богатырь» кенішіне тиесілі, 10 миллион тоннасы «Северный»  кенішіне тиесілі болып табылады.

 

«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі.

Байланыс телефондары: 8 (7187) 223657, 223757.

Пресс-релиздер тізіміне