Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

«Богатырь Көмір»: қорытынды мен жоспарлар

31.03.2017

2017 жыл 03.31 Екібастұз қаласы – көмір өндіруші «Богатырь Көмір» компаниясында серіктестіктің басшылығының құрылымдық бөлімшелердің еңбек ұжымымен бірнеше есеп беру кездесулері болды.  

Есеп беру кездесу барысында  компанияның бас директоры Раипов кәсіпорын қызметінің маңызды мәселелеріне көңіл аударды. Кәсіпорынның қазіргі жағдайын обьективті түрде бағалау үшін «Богатырь Көмір»  ЖШС 2015 жылғы қаржы-шаруашылық көрсеткіштерін негізге алды. 

-2015 жылы 34 млн. 500 мың тонна өндірілген көмірдің, тұтынушыларға 33 млн. 923 мың тонна көмір жөнелтілді. Компанияның ақшалай түсімі 55 млр. теңге болғанын  Серік Құдысбекұлы  хабардар етті. Сонымен қатар, кәсіпорын қаржы айналымына  екінші деңгейдегі банктерден қаражат тартуға мәжбүр болды.  Соңғы 8 жылда «Богатырь Көмір» банктердің пайызын өтеуге 41 млн.доллар жұмсаған. Аталғандардың барлығы компанияның қаржылық жағдайын әлсіретіп жіберген. Жағдайдың қаншалықты қиын екенін түсіне отырып, 2016 жылы шығындарды төмендету мақсатында кешенді іс-шаралар жасалынды, сонымен қатар алға қойылған мақсаттың ең негізгісінің бірі – банктерге тәуелділіктен арылу болып табылады.  Айта кетерлік жайт, бұл саясат өзінің оң нәтижелерін қазірден бастап көрсетіп жатыр. Егерде 2015 жылы компания  банктерден 33,4 млрд. теңге тартса, 2016 жылы 17 млрд. қана тартып отыр. Егер 2016 жылдың 1 қаңтарында  банктер алдында судалық қарыз  - 14,6 млрд. теңге болса, 2017 жылдың 1 қаңтарында банктер алдындағы судалық қарыз 9,7 млрд. дейін төмендеген. Біздің басты мақсатымыз, кәсіпорынды жандандырып, жаңа күш енгізу.  Ескере кететін жайт, 2016 жылы компания 2009 -2015 жж аралығының 3,5 млрд. теңге көлемінде айыппұлдық санкцияларды төледі, алайда бұл қаржы компанияның бизнес жоспарында қарастырылмаған.  Оның 1,9 млрд. теңгесі «КТЖ» ҰК АҚ вогандарды қолданылған үшін айыппұл санкциясына, 2,1 млрд. теңге 2009-2012 жж аралығына салық тексерісі нәтижесі бойынша айыппұл санкциялары  төленді.  Сонымен қоса негізгі төлем 1,1 млд.теңге, өсім – 0,5 млрд. теңге, айыппұл бойынша қор 0,5 млрд. теңге. Менің тапсырмам бойынша, қосымша басқа айыппұл санкцияларын төлеудің алдын алу үшін 2013-2015 жж аралығына салық міндеттерін қайта есептеу жүргізілді. Нәтижесінде 1,6 млрд. теңге сомасына түзетулер енгізілді. Компанияның әкімшілігі, акционерлері және еңбек ұжымының алдындағы бізге жүктелген  міндеттерді біз орындаудамыз.

Компанияның тікелей  2016 жылғы қызметінің нәтижесіне қатысты Серік Құдысбекұлы Раипов  мәлімдеді:

-          Сіздер өздеріңіз көрдіңіздер, қандай қиын жағдайларды жұмыс жасауға тура келгенін, соған қарамастан, 35 млн. тонна көмір өндірдік,  алайда жоспар бойынша 32 млн. 500 мың тонна болып табылады.   Жеткен жетістігіміз барлығымыздың еңбегіміз деп білемін. Ескере кететін жайттардың бірі – өткен жылдың қыркүйегінен басталған  вагондарды жіберуде кідірістердің себебінен     2 млн. 400 мың тонна көмірді тиеуге мүмкіндік болмады.

Жылдың жоспарды артығымен орындаудың бірден – бір себебі, потенциалды тұтынушылармен белсенді келіссөздердің арқасы деп түсіндірді Серік Раипов Құдысбекұлы. Павлодар облысы бойынша негізгі тұтынушылардың бірі – «Павлодарэнерго» АҚ, кепілдендірілген жылына 2,5 млн. тонна көмір қолданылуы. Өткен жылдың нәтижесімен қоса алдымыздағы  2017  жылға деген болжамдарға да тоқтала кетті. Компанияның менеджменті бойынша 33 млн. 900 мың тонна болжамдалса, 40 млн. тонна көмір көлемін жеткізуге келісімшарттар жасалды. Жүргізілген келіссөздердің тиімділігін бас директор Рефтинский ГРЭС-імен келісім-шарт  негізінде көрсетті. Рефтинский ГРЭС кепілдірілген 9 млн. тонна көмір жеткізіліміне келісім-шартқа отырды, ал 10 %- опциясын ескере кетсек, жалпы жеткізілетін көмір көлемі 9 млн. 900 мың тоннаға жетуге тиіс. Сонымен қоса, паралельді түрде тұтынушылармен осы жылға көмір жеткізілім кестесін реттеп, қалыптастыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Көмір өндіру кәсіпорынның басшысы  серіктестікте іске асырылып отырған шығындарды қысқартуға бойынша шараларға, сонымен қатар, өндіріске салынып жатқан инвестиция және әлеуметтік  салаға тоқтап өтті. Серіктестіктің басшысы Қазақстан Республикасының президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа кезекті Жолдауында қойылған тапсырмаларға да тоқталып өтті.  Осы бағдарламалық құжатқа сүйене отырып, «Богатырь Көмір» ЖШС көмір өндірісінің даму жоспары құрылғанын ерекше атап өтті.

 

«Богатырь Көмір» ЖШС ЭГРЭС -1, ЭГРЭС -2 электр станцияларының электр энергиясына деген сұраныс күннен күнге асуына байланысты богатырь көміріне нарықта сұраныстың тұрақты түрде болатынына сенімді. 

 

 

Анықтама үшін  «Богатырь Көмір» компаниясы – «Самұрық –Қазына» ұлттық әл – ауқат қорының «Самрук –Энерго» АҚ және «РУСАЛ» Ресейлік бірлескен компаниясымен бірге көмірді ашық тәсілмен өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС-нің үлесіне Екібастұз көмір бассейінінің өнідірілетін көмірінің 40 пайызы, ҚР бойынша өндірілетін көмір көлемінің 60 пайызы  тиесілі.  

«Богатыр Көмір» ЖШС әлем бойынша ашық тәсілмен көмір өндіретін ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Оның баланстық қоры – 2,75 миллиард тоннаны құрайды. Кәсіпорынның өндіріс күші жылына 42 млн. тонна құраса, оның 32 млн.тоннасы «Богатырь» кенішіне тиесілі, 10 миллион тоннасы «Северный»  кенішіне тиесілі болып табылады.

 

 «Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 8 (7187) 223657, 223757.

Пресс-релиздер тізіміне