Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

«Богатырь Көмір» техникалық жаңарту

10.11.2016

Екібастұз қаласы 2016 жылы 11.10 Қазақстан – Ресейлік «Богатырь Көмір» компаниясы  «Богатырь» кенішінің техникалық саябағы «БелАЗ-75131» 130 тонна жүкті көтеретін,  жаңа карьерлік самосвалмен толықты.

Жаңа самосвалды табыстау 8-ші  қараша күні ТКЖЖ зауытының «Октябрьская» станциясының  монтаждау алаңында болды. Автомашинаның техникалық көрсеткіштерін ескере отырып, Белорусиядан Екібастұзға технологиялық бөлшектермен жасақталған партиялармен жеткізілді. ТКЖЖ  зауытының мамандары мен автоөндірушінің  өкілдерінің қатысуымен 26 қазан күні құрастыру мен монтаждау жұмыстарына кірісті. Жұмысқа дайын «БелАЗ – 75131»  карьерлік самосвалды  ТКЖЖ зауытының мамандары қолдануға технологиялық көлік Басқармасындағы әріптестеріне табыстады.  Кезекте оларда енді екінші көп тонналық күтіп тұр.  «БелАЗ – 75131»   екі самосвалын сатып алуға бағытталған инвестицияның жалпы сомасы 788 400 мың теңге. Карьерлік самосвалды сатып алу «Богатырь Көмір» ЖШС негізгі тау кен жабдықтарын жаңарту бағдарламасы аясында жоспарлы түрде іске асырылуда. Тағы екі «БелАзды» сатып алу жобаланып отыр. Сатып алынатын техника өзінің техникалық ресурстарын тауысқан карьерлік самосвалдарды ауыстырады. Сатып алынатын техника тау-кен жұмыстарын дамыту бағдарламасын орындауды қамтамасыз етеді.

Анықтама үшін

«Богатырь Көмір» компаниясы – «Самұрық –Қазына» ұлттық әл – ауқат Қорының «Самрук –Энерго» АҚ және «РУСАЛ» Ресейлік бірлескен компаниясымен көмірді ашық тәсілмен өндіру бойынша бірлескен кәсіпорын болып табылады. «Богатырь Көмір» ЖШС үлесіне Екібастұз көмір бассейінінің өнідірілетін көмірінің 40 пайызы болса, ҚР бойынша өндірілетін көмір көлемінің 60 пайызы  тиесілі.   

«Богатыр Көмір» ЖШС әлем бойынша ашық тәсілмен көмір өндіретін ірі кәсіпорынның бірі болып табылады. Оның баланс қоры – 2,75 миллиарт тонна құрайды. Кәсіпорынның өндіріс күші жылына 42 млн. тонна құраса, оның 32 млн.тоннасы «Богатырь» кенішіне тиесілі болса, 10 миллион тоннасы «Северный»  кенішіне тиесілі болып табылады.

 

«Богатырь Көмір» ЖШС баспасөз қызметі

Байланыс телефондары: 8 (7187) 223657, 223757.

Пресс-релиздер тізіміне