Баспасөз / Баспасөз хабарламалары

Богатырь көмірінің 1,5 миллиардыншы тоннасы

02.12.2015

Богатырь көмірінің 1,5 миллиардыншы тоннасы    

2015 ж. «27» 11

Екібастұз, 2015 жылғы 27 қараша. – Қазақстандық "Самұрық-Энерго" АҚ мен Ресейлік "Русал" компаниясының бірлескен кәсіпорны болып табылатын «Богатырь Көмір» көмір өндіретін компаниясының кеншілері көмірдің мерейтойлық 1,5 миллиардыншы тоннасын өндірді.

   «Богатырь Көмір» компаниясының кеншілері үшін бұл  оқиға көмір кенішінің 45 жылдығы қарсаңындағы қос мереке.  

1970 жылдың 30 қарашасы күні «Богатырь» кенішінің бірінші кезеңі пайдалануға берілді. Ал 27 жылдан соң, яғни, 1997 жылдың 6 қарашасы күні көмірдің миллиардыншы тоннасы өндіріліп, тұтынушыларға жіберілді. Міне бүгін 2015 жылдың 27 қарашасы күні  кеншілер Богатырь көмірінің 1,5 миллиардыншы тоннасын өндіріп, аңызға айналған кеніштің еңбек жылнамасының кезекті алтын парағын толықтырды.  

   Еңбек жетістігіне байланысты өткен мерекелік митингте аталмыш оқиғаның ерекше маңыздылығы жөнінде «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Виктор Щукин былай деп айтты: 

- Құрметті әріптестер, құрметті ардагерлер! Бүгін сіздер мен біздер көмірдің 1,5 миллиардыншы тоннасын өндіру айрықша оқиғасының куәгерлері болып отырмыз. Бұл оқиға расында «Богатырь» кеніші және Қазақстанның отын-энергетикалық саласы үшін маңызды тарихи кезең. «Богатырь» кенішінің кеншілеріне күн сайын қажырлы еңбек ете отырып бүгінгі өндірістік шепке жетуге 45 жыл қажет болды. «Богатырь» кенішінің қалыптасуына және дамуына үлкен үлес қосқан  құрметті ардагерлеріміздің ерлігіне баға жетпес. Бірнеше ұрпақтың табысты еңбегінің нәтижесі – бүгінгі өндірілген көмірдің 1,5 миллиардыншы тоннасы. Бүгінгі күн кеніштің еңбек жылнамасына мәңгіге енеді.  

«Богатырь» кенішінің ұжымын күнделікті жұмыс күні пайда болған осынау тарихи оқиғамен шын жүректен құттықтаймын! Кезекті еңбек жеңісін біз «Богатырь» кенішінің 45 жылдығына және Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті күніне арнаймыз!   

    Көмірдің 1,5 миллиардыншы тоннасын тиеу құрметті құқығы SRs(K)-2000M маркалы №1146  роторлы экскаваторының машинистері Подзюбан Анатолий Федоровичке және Тұрлыбаев Қызыр Айткешұлына берілді.

    «Богатырь Көмір» ЖШС – «Самұрық-Энерго» АҚ («Самұрық-Қазына» АҚ-ның еншілес кәсіпорны) және «РУСАЛ» БК-ның бірлескен кәсіпорны. Компания көмірді ашық әдіспен өндірумен айналысады. Оның үлесіне Екібастұз көмір алабында өндірілетін барлық көмірдің 60%-ы тиесілі.  «Богатырь Көмір» ЖШС көмірінің баланстық қоры 3 млрд. тоннаны құрайды.

Кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 42 млн. тонна көмірді құрайды.  Көмір қыртыстарының қолайлы геологиялық орналасуы көмірді өте аз пайдалану шығынымен өндіруге мүмкіндік береді.   

Көмірді өндіру және тиеу түрлі маркалы роторлы, ЭКГ сериялы бір шөмішті экскаваторлармен, Liebherr фирмасының гидравликалық экскаваторларымен,  сондай-ақ Caterpillar, Komatsu, БелАЗ фирмаларының ауыр жүк самосвалдарымен жүргізіледі. Аталмыш процеске сонымен қатар TAKRAF германиялық фирмасының конвейер желілері мен қайта тиегіштері пайдаланылады.   

Кеніштердің энергетикалық шикізаты Қазақстан Республикасының 13 электр станциясына және Ресей Федерациясының 5 электр станциясына жеткізіледі.    Богатырь көмірінің ірі тұтынушылары болып мыналар табылады: Екібастұз МАЭС-1, МАЭС-2, Алматы және Қарағанды жылу-электр орталықтары,  Астана және Петропавловск ЖЭО-тары, сондай-ақ Ресейлік – Рефтинск, Верхнетагильск, Серовск, Тро­ицк МАЭС-тері және Курганск жылу-электр орталықтары.

   2015 жылдың 10 айында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің кеншілері 27 014 мың тонна көмір өндірді. Тұтынушыларға оның 26 945 мың тоннасы тиелді. Жылдың соңына дейін жалпы көмір өндіру көлемі 34 млн. тоннаны құрайды деп күтілуде.

 
«Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметі,

Байланыс телефондары: 8 718 7 22 36 57, 22 37 57

 

 

 

 

Пресс-релиздер тізіміне