Ғылыми зерттеуді жалғастыра отыра

08.06.2018

«Богатырь Көмір» компаниясының көмір кеніштерінде Чехиядан қонақтар келді - прагалық Карлов университетіндегі табиғи ғылымдар факультетінің тәжірибеден өтіп жүрген профессорлары: доцент, табиғи ғылымдар факультетінің комиссия  төрағасы Станислав Оплуштил, табиғи ғылымдар докторы Карл Мартинек және табиғи ғылымдар магистрі Роланд Надашкай.

Ғалымдар қызығушылығы Екібастұз көмір алыбының аз зерттелген геологиясымен байланысты болды. Олар көмір енді пайда бола бастағанда,бұл жерлердегі карбонмен девон замандарында болған үрдістер саласындағы халықаралық зерттеулерді толықтыру, сонымен қатар тірі оганизмдермен өсімдіктердің дамуын бақылау мақсатын көздеді.

Айтпақшы, үш жыл бұрын алынған «богатырлік» үлгілердің көмегі арқылы ертеде олармен жүргізілген жұмыстардың арқасында, енді көмір жасын тұрақсызданумен барлығы 90 мың жаста анықтауға болады.  Нәтижелері Екібастұз қаласына қонақтарымыз келмей тұрып, белгілі болған радиометрлік талдау біздің көмір кен қазба орындарымыз шамамен 336 миллион жыл бұрын пайда бола бастады, ал көмір шығару кезең бойынша шамамен төрт миллион жыл ішінде болды.

Станислав Оплуштилдің айтуынша, бұл үрдістер көп жағдайда, Екібастұздықтармен жасы бойынша бірге, төрт миллион жыл бұрын Еуропамен Қытайдың көмір алыптарының жерлерінде болғанмен ұқсас.

Осындай қорытындылар чеш экспедициясының Қытай, Түркия, Канада, Америка және Еуропаның көмір шығаратын кәсіпорындарында болғаннан кейін жасалды. Мұнда сонымен бірге, зерттеушілер талдау үшін сынамаларды алды және табылған сирек қазбаларды зерттеді. Қытайда көмір күлімен жабылған орманды зерттеу кезінде, олар, мінсіз сақталған замумифицияланған өсімдіктерді, ал Чехияда ашық тәсілмен шығаратын қоңыр көмірді, ал тасты, Қарағандыда секілді, шахта тәсілімен – алпыс сантиметрге жуық қанаттарының диаметрімен инелікке ұқсас жәндіктерден қалдықтарды тапты. Біздің кәсіпорында 2015 жылы палеоботаник Йозеф Пшеничка  қазбасы аршу жұмыстарының учаскесінде табылған, «плавунья» нәзік атауымен ежелгі өсімдіктің жаңа түрін ашты.

Айтпақшы, «ПавГео» облыстық географиялық қоғамдастық мүшелерінің жуырда өткен экспедициясы кезінде аршу үйіндісінде тағы бір қызықты дана табылды. Жергілікті зерттеушілердің оны соңғы рет теңестірулеріне қолдарынан келмеді.Алдын ала болжағандай, табылған зат тасқа айналған ағаштың элементін құрады, бірақ чеш әріпестеріміз бұл болжамды жоққа шығарды. Олардың айтуынша, бұл қазба ежелгі кальмардың қабыршығы болып табылады.

Одан басқа, теңіз қабаттарының түбінен кәсіпорын қонақтары шағын палеонтология үшін сынамалар алды. Алынған үлгілер оларға күл қабаттарының көмір қабаттарында гипотезаның барын тексеру үшін керек.  Егер талдаулар оң болса, онда, ертеде жергілікті ландшафтың өзгеруіне Баянауыл тауларының пайда болуына  әсер еткен, жанартаулардың атқылауы әсер еткенін болжауға болады. Әзірге мұнымен бірге жергілікті ландшафтың өзгеруіне қатысты тағы бір болжам бар – бұл мұз кезеңінің климаттық әсері. Зерттеу нәтижелері 1-2жылдан соң белгілі болады. Олар зерттеудің соңғы нүктесін қоюға көмектеседі.

Биылғы экспедицияны өткізуге мүмкіндік жасағандары үшін ғалымдар «Богатырь Көмір» ЖШС компаниясының басшыларына ризашылығын білдіреді. Келесі жылы олар өздерінің ғылыми қызметтерін жалғастыру үшін біздің көмір кәсіпорнымызға тағы келетініне сенеді.

Марина ПОНКРАТОВА

Фото чеш экспедициясының мұрағатынан алынды.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу