Міндеттерді орындау

28.04.2018

25 ақпанда «Экология жылын» өткізу аясында Павлодар облысында коммуникацияның облыстық өңірлік қызметінің базасында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің бас директоры Рустам Сансызбаевтың, «Богатырь Көмір» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша қызметтің техникалық директорының орынбасары Наталья Шулаеваның және республикалық және павлодарлық БАҚ өкілдерінің қатысуымен экология мәселесі бойынша брифинг өткізілді.

Брифингтің басында Рустам Сансызбаев жиналғандарды кәсіпорынның былтырғы жылғы жұмыс қорытындыларымен таныстырды және жақындағы болашағымен бөлісті. Серіктестіктің негізгі инвестициялық шығындары «Богатырь» кенішінде көмір шығарудың автоконвейерлік жобасын іске асыруды жалғастырумен байланысты. Биылғы жылы бұл мақсаттарға 20 млрд. теңге жіберу көзделген. Циклді – толассыз технология (ЦТТ) әр жыл сайын 20 млн.тоннаға дейін көмірді тасымалдау үшін конвейерлердің екі желісімен берілетін болады. Жобаны іске асыруды 2021 жылы аяқтау үшін компанияның жоспарында келесі жылдан бастап неміс жабдығын сатып алуды бастау бар.

Компанияның бас директорының айтуынша бақылау үдерістерін автоматтау есебінен артылатын көмірдің сапалы көрсеткіштерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету және сапасы әртүрлі көмір қабаттарындағы көмірді орташалаудың дәрежесін көтеру еңбек өнімділігін арттырады. Кәсіпорында жұмыс істейтін мамандар циклді – толассыз технологияны енгізуді есепке алумен оқытудан өтіп, қосымша мамандық алатын болады. Сонымен қатар компания ЦТТ-ны енгізген соң қоршаған ортаға арналған жүктемені төмендетуді күтіп отыр. Экологиялық міндеттемелерді сақтау саласында атқарылған жұмыстар туралы «Богатырь Көмір» ЖШС қоршаған ортаны қорғау қызметінің техникалық директорының орынбасары Наталья Шулаева айтып берді:  

- Компания басшылығы жыл сайын қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламалар мен мақсаттарды іске асыру үшін қажетті ресурстарды бөледі. 2017 жылы жоспардағы 1,173 млрд.теңге кезінде нақты 2,808 млрд. жұмсалды. 

Қаражат уақытша ішкі үйіндіде аршу жұмыстарын орналастыруға, экскаваторлық төгінділерді оқшаулауға және инертті жыныстармен үйінді жабындарын нығыздауға, кенжарлар мен кеніштегі технологиялық автожолдардағы көмірді ұңғылдаған кезде шаң басуды ұйымдастыруға, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жердің ластануының алдын алуға, көмірге, қиыршықтасқа радиациялық зерттеу жүргізуге, ландшафты түрлеендіруді қолдауға, ISO 14001-2004 халықаралық менеджмент жүйесіне аудит жүргізуге, экологиялық оқыту мен басқа да іс-шараларға бағытталды. Биылғы жылы ұқсас іс-шараларды өткізуге 1,219 млрд.теңге бөлу жоспарланған.

Қоршаған ортаны қорғау қызметінің техникалық директорының орынбасары әрқайсысына мұқият тоқталды: 

- Былтырғы жылдың 2,6 млрд.теңге экологиялық шығындары «Северный» және «Богатырь» кеніштеріндегі ішкі үйінділерге аршылған жыныстарды орналастырумен байланысты болды. Бұл компанияға ішкі үйінділерге аршылған жыныстарды орласатыруды 33 355299,06 тоннаға төмендетуге мүмкіндік берді.

Қошаған ортаның сапасы мен жұмыс орындарының жағдайын қолдаудың маңызды шарасы өндірістің көптеген технологиялық үдерістеріне енгізілген шаң басу бойынша іс-шараларды орындау болып табылады. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде былтырғы жылы шаң түзу 36,33 тоннаға төмендетілді. Кеніштердегі автожолдарда шаң басу шахта суын қолданумен жүргізіледі. Бұрғылау білдектерінің аспирация жүйесін жөндеу мен техникалық қызмет көрсету ұңғымадан алынатын бұрғылау өнімдерінің барлығынан 90%-ға жуық ұстау тиімділігін жобалық деңгейде қолдауға мүмкіндік береді.

Кәсіпорын үйінділеріндегі тотықтыру-қалпына келтіру үдерістеріне үнемі мониторинг жүргізіліп отырады. Экскаваторлардың төгінділерін оқшаулау мен үйінділердегі жабындарды интертті жыныстармен нығыздау олардың ағу қарқынын төмендетеді. Үйінді түзудің технологиялық схемасын қатаң сақтау, құрамында көмірі бар жыныстарды тотықтыру-қалпына келтіру үдерістерінде жаңа ошақтың басталуының инкубациялық кезеңінен аспайтын мерзімде инертті жыныстармен оқшаулау бульдозерлермен және дірілдеуік аунақтармен алаңдарды жоспарлау бойынша жұмыстарды орындаудың көлемін азайтады. 

Серіктестіктің шаруашылық қызметінің үдерісінде пайдаланған кезде экологиялық, санитарлық-эпидмиологиялық талаптар сақталатын қалдықтар пайда болады. Сонымен қатар, қалдықтарды қайта пайдалану, оларды қайта өңдейтін, залалсыздандыратын, жоятын, қауіпсіз алатын және пайдалы кәдеге жарататын бөтен ұйымдар мен кәсіпорындарға беру арқылы жиналып қалған қалдықтарды азайту шаралары қарастырылған. Қайталама шикізат ретінде макулатура жинау жүргізіледі.

Кәсіпорында бақылау ұңғымасының желілері бар, олар арқылы іргелес аумақтың жерасты суларындағы сыртқы жыныстық үйінділерді зерттеу мақсатымен жерасты суларының сапасына мониторинг жүргізіледі.

«Богатырь Көмір» компаниясындағы табиғатты қорғау іс-шараларының ажырамас бөлігі ландшафты түрлендіруді қолдау, жергілікті жер бедерінің қызмет ету жағдайларын сақтау болып табылады. Ағымдағы жылда компанияның өнеркәсіптік аумағын көгалдандыруға, жасыл көшеттерді күтіп-ұстау жұмыстарын жүргізуге жіберілген шығындар 3,3 млн.теңгені құрады.

Кәсіпорында шығарылатын өнімге – көмір мен қиыршықтастың нормативтік талаптарға сәйкестігіне, оның ішінде радиоактивті қауіптілік класы мен табиғи радионуклидтердің меншікті белсенділіктеріне үнемі бақылау жасау жүзеге асырылады. 

Наталья Шулаева өзінің баяндамасын аяқтай келе қорытындылады:

- «Богатырь Көмір» ЖШС экологиялық саясат пен мақсаттарды іске асыру бойынша менеджменттің тиімді жүйесін құрды және қолдайды. Экологиялық менеджмент жүйесі ISO 14001 стандартына сәйкес, оны тиісті түрде қолдайды және талаптарын іске асырады. 2017 жылдың қыркүйегінде «TUVRheinland Precisely Right» ЖШС-нің сертификаттау органының мамандары Компанияның экологиялық менеджмент жүйесінің ИСО 14001-2004 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігіне бақылау аудитін жүргізді. Компания менеджментінің жүйесі халықаралық стандарт талаптарына сәйкес, оны тиісті түрде қолдайды және іске асырады.

Брифинг аяқталған соң журналистер «Богатырь Көмір» ЖШС өкілдеріне бірқатар сұрақтар қойды және оларға нақты, толық жауаптар алды.

Марина ПОНКРАТОВА

Суретті түсірген Олег МАЛЬЧУК.

 

Жаңалықтар тізіміне оралу