Еңбек адамы туралы

21.09.2017

Еңбек күні қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС «Мен бірге жұмыс істейтін еңбек адамы жайлы әңгімелеймін» тақырыбында шығармалар байқауы өтті. Байқау компанияның құрылымдық бөлімшелерінің жұмысшыларында үлкен қызығушылық тудырды. Оған «Богатырь» кенішінің, Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасының, ТКЖЖ зауытының, бас энергетик қызметінің өкілдері қатысты.  Байқау жеңімпаздары және жүлдегерлері мереке күні анықталды. Ең үздік болып  «Богатырь» кенішінің №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисінің көмекшісі Александр Ушаковтың шығармашылық жұмысы танылды. Екінші дәрежелі диплом БЖКБ №4 Жол учаскесінің жол жөндеушісі Қайсар Қапарға бұйырса, үшінші орынға «Богатырь» кенішінің №2 ӘТК өндірістік монша жұмысшысы Инна Михайлова жайғасты. Ал жүлделі төрттікке ТКЖЖ зауытының ТББ ультрадыбыстық бақылау жөніндегі дефектоскопшы Мөлдір Бексаутова ие болды. Байқаудың барлық жүлдегерлері  жақын аптада өтетін еңбек Күніне арналған салтанатты жиналыста дипломмен және ақшалай сыйақымен марапатталатын болады. «Мен бірге жұмыс істейтін еңбек адамы жайлы әңгімелеймін» тақырыбындағы шығармалар байқауы төменде келтірілген.

 

Томас Фуллердің мына бір дәйексөзі ұнайды: «Егер сіз білімге ие болсаңыз, басқаларға да сол білім арқылы өз шамын жағуға мүмкіндік бер».

Бұл сөздермен келіспеу қиын, себебі, тау кен өнеркәсібіндегі  менің алғашқы еңбек қадамымда дәл сондай шамды жағуға мүмкіндік сыйлаған адам пайда болды. Ол адам менің тағылымдамам бойы жұмыстың қауіпсіз тәсілдерін көрсетіп, үйретіп ғана қоймай,  механикалық және электр тораптарының жұмыс принциптері, сонымен қатар біздің жұмысымыздың маңыздылығымен жауапкершілігі, істің мәні туралы ашып айтып берді және жұмысқа деген сүйіспеншілікті бойымызға сіңірді, бұл адамның есімі - Гаас Валерий Романович.

Валерий Романович – ЭКГ – 12УСМ №1605 бір шөмішті экскаватордың машинист-бригадирі. Валерий Романовичпен мен үшінші курста өндірістік тәжірибеден өту кезінде таныстым. Жолдама бойынша мен, менің әңгімемнің еңбек кейіпкерім еңбек еткен, Сергей Михайлович Дровалев басшылық еткен, №3 Шығару Жұмыстарының Учаскесіне жіберілдім.

Сонымен қатар,  Дровалёв Сергей Михайловичті, оның тәлімгерлік сияқты жауапты мәселеге  қарағанын атап өткенді жөн көрдім. Менің ойымша, әр адам өз еңбек жолын өз ісіне деген сүйіспеншілікпен отаншылдыққа дағдыландыратын дұрыс өнегеден бастау керек.

Менің тағылымдамамның алғашқы күндерінде Валерий Романович  мені  экскаватор машинисі сияқты, машинист көмекшісі ретінде қызметтік міндеттеріммен таныстырды. Валерий Романовичпен бірге, мен ауысымды қабылдап, тапсыруды жүргіздім, көңіл бөлу қажет әлсіз орындармен ерекшеліктерді түсіндірдім, өйткені Валерий Романовичтің айтуынша, еселі еңбек кепілі авариясыздық болып табылады, ал авариялықты  басынан бастап жою қажет.

Экскаватор бригадасының бригадирі бола тұра, Валерий Романович өзінің бригадасында ғана емес, сонымен қатар әріптестері арасында да құрметпен сыйға ие. Жұмысқа тұрғанымда, менің бригадам еңбек жолымды неден бастағанымды менен сұраған еді, ал менің жауабым былай болды: «Валерий Романович басшылық еткен №1605 экскаватордан», ол кісі  жайлы  адамдардан машинист және бригадир ретінде ғана емес, жұмыстағы жақсы жолдас, әріптес, дос және өмірде сияқты жұмыста да кез келген сәтте ер адам ретінде кеңес бере алатын қарапайым адам екені жайлы үнемі жылы сөз еститінмін. Ал Валерий Романович болса үшінші онжылдық бойы еңбек етуде және өзінің адал еңбегі үшін үш дәрежелі «Шахтер даңқы» белгісімен наградталды.

Ауысымда жүрген кезімде маған Валерий Романовичтің еңбек өмірінің тарихы ұнайтын. Өзінің жастық шағы жайлы, кенішімізге  жас маман болып келгенін, алғашқы айналымын жүктеп тиегенін, жұмыс әдістерін меңгергенін  әңгімелеп беретін.

Валерий Романович үлкен әріппен атауға болатын бригадир. Барлық бригада өз бригадирінің тапсырмаларын мүлтіксіз орындайды. Мен бұл адамның ұқыптылығына және ыждағаттылығына әрдайым сүйсіне қараймын. Оны өзге жұмысшыларға үлгі ретінде көрсететін ол адамның жұмыс орнына қарап байқауға болады. 2017 жылы оның басшылық етуімен экскаватор  бірінші орынға ие болды және Бүкіләлемдік еңбекті қорғау күніне арналған байқауларда ең үздік жұмыс орны болып табылады.

Сонымен бірге, Валерий Романовичтің басшылық етуімен, қысымды және қайтарылатын арқанды ауыстыру жүргізген алғашқы жоспарлы-ескерту жөндеуіме қатысуыма мүмкіндік туды. Оның мына сөздері есімде қалды: « Сашка есіңде сақта, өзінің еңбек қызметінде әлі бірнеше арқанды ауыстыратын боласың». Өзінің еңбек жолында ол қанша арқан ауыстырды деп сұрағанымда, қарапайым жауап естідім: «Санынан жаңылып қалдым».  

Еңбек қызметінің басында ең бастысы, артықшылықты жайластыра алуға үйрететін, қатеңді айтып, үйретіп, есіңе салып отыратын адам кездескені абзал! Менің жолым болды! Кімнен үлгі алатын адамым бар! Мен Валерий Романовичке, ол машинисті көмекшісі бола тұра, үшінші курс студенті болып жүргенімде берген ақыл-кеңестері, үйреткен білімі қажет болғаны үшін ризашылығымды білдіремін. Ол кісіге  талмас еңбек, құштарлық пен қажымас қайрат, өз тәжірибесімен өскелең кеншілер ұрпағымен бөлісумен жалықпауын тілеймін.

  «Богатырь» кенішінің №3 аршу және үйінді жұмыстары учаскесінің экскаватор машинисінің көмекшісі Александр Ушаков.

 

Мен осы Богатырь Көмір Кенішіне жұмысқа орналасқанда теміржол еңбегіндегі бірінші қадамым болған еді. Осы шығармада мен сол менімен бірге жұмыс жасайтын еңбек ері әрі көпті көрген өз ақылын маған айтып, маған адал еңбектің қалай болатыны жайлы айтып түсіндірген еді. Ол адамның есімі - Акимов Марат Социалович. Қазіргі кезде бригадир болып жұмыс жасайды. Ол адам өте еңбекқор, өз жұмысының шебері әрі тапсырылған тапсырманы жұмысты тиянақты атқарады. Оның жұмыс жасауына мен тамсанып таңырқайтынмын себебі өмір бойы осы теміржол жұмысын жасап, өз еңбегімен,маңдай терімен адал жұмысын атқарып жүр. Богатырь Көмір Кенішіне өз ерең еңбегін және де жауапкершілігі мол адам ретінде мен және бригадағы жігіттер ол адамды өте қатты силаймыз. Өмірдегі қаншама қиындыққа төтеп беріп, болашағын жарқын болуы үшін бар күш қуатын осы теміржолға арнаған адамдардың бірі болып саналады. Мен өз басым осы ағадан үлгі өнеге алып, жұмыстың қыр сырларын, жұмысты адал әрі жауапкершілігі мол жұмыс ретінде көп тәрбиелі насихаттарды бойыма дарытқан едім. Осылай осы өмірдегі ақ пен қараны, жаман мен жақсыны толықтай ажыратып әр істеген жұмысыма есеп беруді үйрендім.

Алайда еңбекке адал әрі тәртіп пен қатар ұқыптылық қасиеттер адамда болуы керек. Еңбек етудегі ең бірінші мақсат ол өз жұмысына берік болу және жұмыстағы келісім шартты бұзбай  жүру керек. Ал мен айткан адамда осы қасиеттердің бәрі бойында бар болғандықтан, мен өте қуанышытымын әрі мақтан етемін сондай еңбекқор, өз жұмысына ұқыптылық пен зейінділіігімен,ақыл-парасаттылығымен көзге бірден түседі. Әрқашанда берілген тапсырмаларды өз уақытымен орындайды. Өзінің айтуынша осы жұмыска орналасқанына ешқашан өкінбейді. Керісінше осы жұмыста ширап, жұмыс қанша қиын болсада оған шыдамдылық,төзімділік,сабырлықпен төтеп беру арқылы жұмысын алға басуына себепші болады деп айтқан еді. Сөзінің шындығын мен осы жұмысқа орналасқаннан бастап сезіне бастадым. Берілген тапсырмаларды бұлжытпай орындап, жұмыстың қыр-сырларын осы адамнан үйрендім. Марат аға маған айтқан еді жұмыс қаншама қиын болсада берілме, мойыма сабырлық етіп жұмысынды дұрыс орында деп өз ақылын айтқан еді.

Менім ойымша әр адам еңбекқор болу керек. Кәрі адам да, бала да еңбектену керек. Әр адамның өз еңбегі бар. Мысалы: әскерлер біздің елімізді қорғайды, президент әр қашан өз елінің қамын ойлайды, егіншілерсіз біздің еліміз аш болар еді, сол сияқты қаншама тағы да басқа да көптеген еңбектермен адам өмір сүруі жалғасуда. Ал ұстаз балалардың болашағын ойлап оларға тәрбие және білім береді. Болашағында олар өз еңбегінің ақысына өмір сүреді Еңбек еткен адам әрдайым, күнделікті бақытты болады. Міне еңбекпен тапқан нан осы екен.

Қорытындылай келе, менің айтар ойым еңбек етсен ерінбей, тояды қарнын тіленбей деп айта отырып, еңбегінді бағалаған адам ғана осы өмірде бақытты бола алады.

БЖКБ №4 Жол учаскесінің жол жөндеушісі Қайсар Қапар.

 

Менің жұмыста болмаған кездерімде ештеңе өзгермепті. Демалыс байқамай өте шықты, бәрі сол бұрынғыша, 8 сағат 30 минутта кіретін есік сарт етті, экскаваторшылар бригадасының дауыстары, қатты жүрістері естілді, Аяқ асты дей алмаймын, бірақ та баспалдақпен шулап өтті, міне, сол сәтте, кірленген арнайы киімдер үшін арналған залда алғашқы қара беттер қара беттер ғана емес – қара адамдар көріне бастады десем де болады. Алдында, әдеттегідей, ең жасы – Куц деген қиын аты-жөні бар Ванька мен Серега. Топырлаған жұрт жанымнан жылдам өте шықты, әдетінше, ең соңғы болып неге екені белгісіз, асықпай, баяулап, Петрович  келе жатты. Ол үнемі артта жүруші болатын, бірақ қадамдары нық әір сенімді болатын, ал бүгін аздап қалып қойып жүрді. Мен ол кісіге айқайлап, амандасқым келді, бірақ сырқаттанып қалған жоқ па деп, сасып қалдым. Петровичке зейнеткерлікке шығуға аз ғана– бір жылдан азырақ уақыт  қалды. Маған өзімнің біраз секундқа қатып қалғанымдай сезілді, өйткені бірнеше күн ғана бұрын,  қала ішінде серуендеп жүргенімде, Петрович ер қолын иығыма қойып, кенеттен бас салып, жаныма жақындағанда, шошытқаны бар. Мен бұрылып қарағанда, ол кең күлімсіреп, вафель стақаншасындағы балмұздақты қолын созып, ұстатқан еді. Әдеттегідей, аса маңызды, маңызды емес жайттар туралы әңгімелесіп тұрдық. Үлкен немересінің аспирантураға түскенін мақтаныш етіп, ал кіші немересі бірінші сыныпқа барғанын айтып тұрды. Сол  сәттерде денсаулығы жайлы бірде-бір шағым айтқан емес және ыстық ауа райына да ренішін білдірмеді. Петрович артынан жуынатын бөлменің есігі жабылғанда, мен өз ойларымнан алаңдатылдым. Есік артында судың шуылдағаны және әдеттегідей Ваньканың қарқылдаған күлкісі естілді. Менде күткеннен басқа амал қалмады. Ойлар тағы Петровичке алып келді. Жақсы ер азамат, өмір бойы көмірлі жерде еңбек етті, наградалары бар, жақсы машинистердің бірнеше ұрпағын тәрбиелеп шығарды. Мен арасында, бригада өз жұмысын аяқтап, ауысым автобусын күтіп тұрғанда, Петровичпен әңгімелесетінмін және үнемі оның біліміне таң қалатынмын, онымен кез келген тақырыпта әңгімелесу маған қызық болатын. Жуынатын бөлменің есігі тарс жабылды, аяқ астынан дір еттім, барлық адамдар жуынып, автобусқа бет алды. Петрович болса, әдетінше, соңғысында шықты, бірақ неге екені белгісіз,  қасынан Ванька айналып шықпады. Ванька күліп, қалжыңдап тұрды, ал Петрович жүзінен күлкіні көрмедім. Мен тағы ойланып қалдым, Петровичті  осындай қатаң түрде роторлы экскаватор тетігінде елестеттім, бірақ оның көзі бақытқа толы болды. Мен роторлы экскаваторда ешқашан болып көрген емеспін, бірақ адамдардың айтуынша, бұл өзнің күшімен және  ұлылығымен алып – жарқ еткен ірі шыршадай. Дауыстар үні өшіп қалды, үйге қайтатын уақыт болды, жұмыс уақыты да зымырап өте шықты. Дәлізді жинап жүргенімде, наряд беретін бөлмеде телефонның қатты шыңылдаған даусы естілді, дәл сол жерде Петрович бригадасы жиналатын. Қоңырауды алды, ең алдымен тыныштық, одан кейін, дауласқан дауыстар. Есік тарс жабылды, табель толтырушы Марина жүгіріп шыққаны сонша, менің шелегімді төңкере жаздады. «Ақырын жүруге болмай ма»,- деп, күмбірлей бастағаным сол еді, Марина сол мезетте тоқтап, артына бұрылып, дірілдеген дауысымен: «Петрович, Петрович ауруханада. Жүрегі ұстап қалды деп жатыр». Міне, саған, қайғы, ойладым мен, ертең ауруханаға барып, оған вафельді стақанда балмұздақ апарып беруім керек....

Инна Михайлова, «Богатырь» кеніші, «Южная»  стансасы,  ӘТК-2 өндірістік монша жұмысшысы.

 

Мен өзіммен бірге істейтін және де қазіргі сәтте менің тәлімгерім болып жүрген Хуанган Айжарық жайлы сөз қозғағым келіп отыр. Хуанган Айжарық мені өзіне қарапайымдылығымен баураған жан. Ол кісі жайлы қысқаша мәлімет берер болсам Айжарық 1989 жылдың 17 мамырында Монғолия мемлекетінде Қорда ауылында дүниеге келген. Үйдің үлкені, өзінен кейін 6 бауыры бар.

Айжарық 1991 жылы өз ата-мекені Қазақстанға қоныс аударады. Ол кісі ата-анасымен, бауырларымен бірге Павлодар обылысы, Шарбақты ауданы, Шедірен ауылына көшіп келеді. 1995 жылы 1 сыныпка барып, 2006 жылы мектепті бітіреді. Сол жылы яғни 2006 жылы Павлодар қаласындағы Сұлтанмахмұт Тұрайғұров атындағы Павлодар мемлекеттік унверситетіне оқуға түседі. Студент кезінен-ақ қалалық іс-шараларға белсенді қатысып өзін көрсете бастаған. 2010 жылы ең үздік бағамен оқуды бітіріп, сол оқу орнында лобарант болып еңбек жолын бастаған.

 2010 жылы Екібастұз қаласына тұрмысқа шығады. Ал біздің компанияға 2012 жылдың мамыр айынан бастап инженер болып еңбек жолын жалгастырады. 2013 жылдың қазан айынан бастап мамандығын бақылауша (контролер) қызметіне өзгертеп, бүгінгі күнге дейін бақылаушы қызметін атқарып келеді.

Ал менің тәлімгерімнің мінезі жайлы айтар болсам, ол кісіге сөз жоқ. Қарапайым , ақ көніл, инабатты, сүйікті жар, ибалы келін, аяулы ана. Бүгінде 2 ұлдың анасы. Айжарық қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысып қана қоймай, үй шаруасынада үлгеріп өз келіндік міндетін де атқарып жүреді.

Айжарықтың жұмысы туралы айта кетсем, жұмысында тиянақты, әрбір істеген ісін ұқыптылықпен істей біледі. Өз ортасында абыройлы, беделді кісі. Барлығы құрметтейді. Біздің компанияда жұмыс істегеніне 5 жыл болсада РГТО зауытында өз орны бар кісі. Тағы айта кетсем Айжарық спорт шебері. Спорттың түр-түрімен айналысады мысалы: шашкі, шахмат, тоғыз құмалақ, валейбол, веложарыс, шанғы тебу. Бір сөзбен айтқанда “Сегіз қырлы бір сырлы” кісі. 2014 жылы Астана қаласында “ Самұрық энергия” компаниясы ұйымдастырған шанғы тебуден жұмыскерлер арасында 1 орынды иеленді. Ал, 2015 жылы Кеншілер мерекесіне орай  “Ең үздік жұмыскер” атты мадақнамамен марапатталды.

Хуанган Айжарықпен ең алғаш рет 2014 жылы Астана қаласындағы жарыста танысқанбыз. Сол кезде ол кісімен 2 апта бойы бір қонақ үйде тұрдық. Аз уақыт болсада ол кісі менің жүрегімнен орын алды. Тағдырдың қалауымен 2016 жылдан бастап бір жерде, бір цехта жұмыс істей бастадық. Арине ол кісі бақылаушы (контролер) ал мен ақаутапқыш (дефектоскопист) болып жұмыс жасаймыз.

Мен ол кісіні тәлімгерім дейтінімнің себебі, қазіргі уақытта Айжарық маған   бақылаушы (контролер) жұмысының қыр сырын  үйретіп жүр. Айжарықтың менің тәлімгерім болғанына мінекей 3 айдың көлемі болып қалды. Осы уақыт ішінде ол кісіні жақынан таныдым деп айтсам болады. Жұмысын тиянақты істейтіні, бастаған ісін аяғына дейін жеткізбей қоймайтыны, біреу көмек сұраса көмектесуге әр дайым дайын тұратыны, ең бастысы ақылын айтып жол жорық көрсетіп отыратындығы. Арамыздағы жас айырмашылығы 1 жас болсада ол кісі маған өз әпкемдей, ақылшымдай.

Сөзімді қорта келе Хуанган Айжарық жас маман болуына қарамастан біздің зауытта өз абыройы бар кісі. Өзі жас маман болсада бір емес бірнеше рет тәлімгер болып үлгерді. Бұл дегеніміз ол кісінің білікті маман екенінің дәлелі. Менімше айжарық “Еңбек адамы” атағына лайықты жан. Осындай Айжарыққа ұқсаған мамандар,  тәлімгерлер көп болса біздің компанияға келетін болашақ жас мамандардан білікті мамандар шығатынына сенімдімін.

ТКЖЖ зауытының ТББ ультрадыбыстық бақылау жөніндегі дефектоскопшы Мөлдір Бексаутова.

Жаңалықтар тізіміне оралу