Соғыс жолдарының ізімен

04.05.2017

Ең маңызды және жалпы  халықтық мерекелердің бірі  – Жеңіс күні «Богатырь Көмір» ЖШС Қоғамдық қорының өкілдері ардагер – таукеншілердің, Ұлы Отан соғысына қатысушыларының шаңырақтарында қонақ болып қайтты. Серіктестіктің еңбек ұжымының атынан еңбек сіңірген ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, азық-түлік жиынтығы мен ақшалай жәрдемақыны табыстады. Ерекше ықыластары мен қомқорлықтарына риза болған ардагерлер богатырлықтарға шын көңілдерінен ризашылықтарын  білдірді.  Майдан жолын бастан кешкен әр ардагер  бүгінде,  сол ел үшін жанкешті кездер туралы естеліктерімен  жас ұрпақпен  бөлісуде.

Смоленский облысының тумасы Алексей Демьянович Перелякин фронтқа 42-ші жылы аттанған. Минометшілерді дайындау бойынша 3 айлық курстан соң, Аргун өзенінің бойына қорғаныс бекінісін салуға сол кездегі жаңа шақырылғандар қатарында аттанған. Біршама уақыт өткен соң, жаңа жасақталған атқыштар полкын кеңес әскерінің алдыңғы шептегі бөлімдерінің  қорғаныс құрылыстарын нығайту үшін құрылыс орманының дайындамасына жіберген. Жеңісті 45-ші жылы олардың әскери бөлімшесін  кеңес – қытай шекарасына  қатаң құпия түрінде орналастырған.  293 атқыштар дивизиясының 1036 полк құрамында Алексей Демьянович Жапонияға қарсы  соғысқа қатысқан. Сол кезеңдегі соғыс ғұмырнамасын Алексей Демьянович қазір былай деп еске алады:

-Біздің полк Читадан Даурия, Үлкен Хинган арқылы Маньчжуриға қарай бет алған. Содан кейін Жапония әскери бөлімдерімен ауыр шайқастар болды. Есімде, төңіректі барлау барысында жапондықтардың  торуылына тап болдық. Торуылды жою үшін автоматшылардың ротасы жеткілікті болды. Айналмалы тау жолымен түскен соң, шатқалдардан  жапондықтардың оқ-дәрі мен азық түлік қоймаларын анықтадық. Содан кейін Хайлан қаласына қарай беттеуімізді жалғастырдық, төңірегінде  нығайтылған екі дзотта жапондықтар орналасқан екен. Жасырынған жауды кеңес әскері бірден анықтай қоймағаны  белгілі болды. Ал сол арада  тәртіпті сақтап тұру мақсатында қалдырып отырған шағын бөлімшелерді жасырынған жау жоспарлы және зұлымды түрде жойып отырған.  Дұшпанның  қарулы нүктелерін бізге  жоюға тура келді. Осы кезде біз таң қалдық, былайша айтқанда, тізе бүгу алдында бірнеше күн қалғанда жапон әскері тарапынан ешқандай келісімге сай әрекет байқамадық. Қарсылық танытпау туралы ақ туды бірінші шептегі әскери  дзот тастаса,  одан кейін тұрған дзот қорғасынға орынған оқ жаудырды. Кейін керісінше, сөйтіп келісіп берілгендерінше өзара керілдесу жалғасты.

Ал 45 –ші жылдың қыркүйегінде көптен күткен бейбітшілік таңы атты.  Жапония тізе бүгу туралы келісімге қол қойды. Осылай Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды.   Алексей Демьянович және оның жолдастарын халықтық шаруашылық нысандарды қалпына келтіруге жіберді. Алайда көп кешікпей әскери жарақаттары сыр беріп, Алексей Демьянович  госпитальға түсті.  Жарты жыл өткен соң, 46-шы жылдың тамызында Алексей Демьянович жарамсыз деп танылып, туған өлкесі Новосібір облысына қайтып оралды, кейін Алтайға көшіп кетті. Тек 1966 жылы Екібастұздағы «Иртышуголь» көмір кенішіне эксковатор көмекшісі болып жұмысқа орналасқан.  Осы қызметтен 78-ші жылы еңбегі сіңген зейнеткерлік демалысына шықты. Соғыс жылдарындағы әскери қызметі үшін Алексей Демьянович Перелякин Ұлы Отан соғысының 2-ші дәрежелі Орденімен, «Ұлы Отан соғысының қатысушысы» төсбелгісімен, көптеген мерейтойлық медальдарымен марапатталған.  Ардагер «Социалистік жарыстар жеңімпазы», «Көмір өнеркәсібінің механизатор-мастері» сияқты  еңбек белгілерімен де марапатталған. 

            Александр Федорович Щетчиков Мордовия тумасы. Майданға 18 жасар бозбала – жігіт теміржол училищесін бітіргеннен соң шақырылады. Жеделдетілген әскери дайындықты  Мәскеу түбінде өтті, нәтижесінде радист және сержант дәрежесін иемденді. Бірінші әскери қадамын зеңбіректі – артериялық полк құрамында Курск түбінде Киевті азат ету айқасында бастаса,  кейін Украина, Польша, Закарпатьені  азат етуде жалғастырған.  Сержант Щетчиков  өзінің жауынгерлік жолын 45-ші жылдың мамырында Прага түбінде аяқтаған.  Щетчиков құрамында болған полк, дивизия ішінде Жауынгерлік  Қызыл Ту орденімен марпатталған жалғыз полк болған. Майдангер төсін «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдары және т.б. медалдарымен марапатталған. 

Соғыстан кейін Александр Федорович 1967 жылы Екібастұз қаласына көшіп келгенге дейін Алыс Шығыста тұрып, жұмыс істеген. Кеншілер қаласында ұзақ уақыт бойы ол мастер болып қызмет атқарып, «Богатырь» кенішінде құрылыс жұмысын жүргізушісі болды.  Зейнеткерлік демалыста жүрген Александр Федорович Щетчиков бүгін де күш қайраты мол,  жаны жайсаң, соны барлығына да тілейді.   

Канат АЛДАБАЕВ                                                                                                                      Фото Олег МАЛЬЧУКТІКІ

Жаңалықтар тізіміне оралу