Біздің қаламыздың адамдары

27.10.2016

 

Тұлға

Құрметті кенші, «Экибастузуголь» бірлестігінің соңғы бас директоры, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты – бұның барлығы шынында да аңыз тұлға Аманқос Титауұлы Өтегенов туралы. Біздің атақты да құрметті жерлесіміз 1 қарашада 70 жасқа толады. Бұл айрықша күннің қарсаңында біз Аманқос Титауұлымен кездестік және оның өмірбаянындағы ең маңызды жарқын кезеңдерді еске алдық.     

Ал біздің кейіпкеріміздің тағдыры шынында да бірегей және қызықты, Екібастұз көмір кен орындарын игерудің тарихымен тығыз шырмалған. Аманқос Титауұлы Өтегеновтің еңбек жолы алдына қойған мақсатқа табанды және қайсар түрде жете білуге қабілетті адамдар үшін үлгі болуға лайық. Алдымен барлығын кезек-кезегімен баяндағамыз келеді.

Аманқос Титауұлы 1946 жылдың 1 қарашасында Ақтөбе облысы, Степной ауданының Қос-Истек кентінде, шопанның отбасында дүниеге келген. Ол туған кент бұрынғы өлшеммен шағын емес еді, бес мыңдаған тұрғыны бар және кейбір кезеңдерде аудан орталығы да болып саналды. Кенттің аумағында сүт зауыты, трактор-жөндеу станциясы, емхана, мектеп және осындай мәртебедегі ауылдық жерге шамаланған басқа да инфрақұрылымдары болды. Аманқос жеті жасқа дейін ата-анасымен бірге кәсіптеріне тән көшпелі өмір салтын ұстанды, шалғайдағы жайылымдарда тұрды. 7 жасқа толуына екі ай жетпегендіктен және орыс тілін мүлдем білмегендіктен алғаш рет мектепке баруға жолы болмады, себебі ол кезде мекетптердің барлығы орыс тілді болатын.  Бір жыл өткен соң жас сахарашы бірінші сыныпқа ілікті. Мектеп іргесінде жүргенде-ақ Аманқос көшбасшылық қасиетін көрсетті, бесінші сыныптан бастап мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысты, кіші сыныптардың пионер жетекшісі, комсомол ұйымының хатшысы болып сайланды. 11 сыныпты аяқтаған соң (бұл сол уақытта үш мектепті бітіруші «он бірінші сыныпты бітірушілердің» бірі болды) Аманқостың педагогикалық қабілетін байқаған мектеп директоры жас жігітке педагогикалық институтқа түсуге кеңес берді. Әкесі өз кезегінде Орал ауыл шаруашылық институтына түсуін қалаған болатын. Өмірлік жолын таңдау сәті келген кезде Аманқос өзі шешім қабылдады, досы екеуі Алматыға барып Қазақ политехникалық институтының «Қара және түрлі-түсті металдар металлургиясы» факултетіне түсуге келді.

- Өту балы «11» болды және оқуға түсу үшін маған бір бал жетпеді. Ал досымның жолы болып түсіп кетті – дейді Аманқос Титауұлы. Соның күзінде мені әскерге шақыртты. Қиыр Солтүстікке – Неміс ұлттық округінің Печора өзеніндегі Нарьян-Мар қаласына тап болдым. Әскерде 1965 жылдан 1968 жыл аралығында ракета жасағында болдым. Аманқос Титауұлы әскери қызметін атқарған радиолакациялық станцияның міндеті берілген координата бойынша жерсерік ұшуларының траекториясын бақылау, оны магниттік лентасын жазу және белгіленген объектінің барлық параметрлеріне графикалық жазу жүргізу болды. Жаза басушылықтар жіберілсе қатаң сұраныс болды. 

- Жасақтың аталмыш түріне жүктелген ерекше жауапкершілікті есепке ала отырып жаңа шақырылғандардың толық орташа және арнаулы орта білім барларын ғана таңдады – деп естеліктерімен бөліседі Аманқос Титауұлы.

    Аманқос бұл критерийлерге толық сәйкес еді. 68 жылдың мамырында әскерден қайтқан кезде ол сержант атағында болды.

Үйге оралған соң Ақтөбеге кетіп «Актюбрентген» зауытына слесарь-ұстағыш болып жұмысқа тұрды. Институттың дайындық курсының кешкі бөлімшесінде оқыды. Қабылдау кампаниясы басталған кезде ол құжаттарын Рудненский индустриалды институтына тапсырды. Жоғары оқу орны мен мамандық кездейсоқ таңдалмаған еді, бұл жылдары Соколов-Сарбайский комбинаты өндірістік күшіне енген кез еді. Аманқос бұдан өз келешегін көрді, жұмысты институттың кешкі бөлімшесіндегі оқумен қатар атқарғысы келді.   Бірақ күтпеген жағдай болды. Қабылдау комиссиясы күшін сынап көруге және күндізгі бөлімге құжат тапсыруға кеңес берді. Олардың кеңестері зая кетпеді: алған балдары тау-кен факультетінің күндізгі бөлімінің студенті атануға асуымен жеткілікті болды. Бұл жағдайға 23 жастағы бозбала бірден қуана қоймады, себебі оның жоспарында өздігінен ақша тауып, оқу болатын. Бірақ күндізгі оқуда оқуын қолдаған ата-анасы өмірінің барлығына түзетулер енгізді. Осылай Аманқостың өмірінде жаңа студенттік кезең мен қайнаған қоғамдық қызмет басталды.  Аманқостың әскери тәжірибесін есепке алумен оны дереу студенттік кеңестің төрағасы мен топ старостасы етіп сайлады. 74 жылы институтты аяқтаған соң жаңа болған тау-кен инженері Өтегенов екі жас маманмен бірге  Екібастұз қаласына жіберілді. Шыны керек, туған ауылындағы астық науқанына қатысуына байланысты ол тарату орнына кеш келді. 

Екібастұзға 15 күн кешігіп келген жас маман тау-кен мастерінің барлық бос орындары алынып қойғандығын білді. Балама ретінде оған «Богатырь» кенішінің №3 жол учаскесіндегі жол мастері болу ұсынылды, бірақ онда көп болмады 74 жылдың желтоқсанында ол «Центральный» кенішінде босаған тау-кен мастерінің лауазымына ие болды.

- Ал 75 жылдың наурызында кеніш директоры Владимир Устинович Аксиньин менің қарсы болғаныма қарамастан мені бұрғылау-жару жұмыстары бойынша учаске бастығының орынбасары лауазымына тағайындады, - деп еске алады Аманғос Титауұлы. – Бұл лауазымда мен үш жыл қызмет атқардым. Әртүрлі жұмыстарды оның ішінде қара жұмыстарды істеуге тура келді, мысалы қап арқалау. Демалыс дегенді білмедім, әдетте жұма күні міндетті түрде қандай да бір орын ауыстырулар болатын, нәтижесінде сенбі мен жексенбі күндері жұмыстан бас алмайтынмын. Бізге экскаваторлар тоқтап қалмаулары үшін міндетті түрде бұрғылау қажет болды. 1977 жылы «Центральный» кенішінің өндіру жұмыстары учаскесінің бастығы пария жұмыстары бойынша ауысуына байланысты мені осы лауазымға ауыстырды. Мен сол кезде аурудан кейінгі оңалу сәтінен өтіп жүргем сондықтанда диспетчерлікке ауысқам. Сол сәтте осындай ұсыныс түсті, өзіңіз түсінген шығарсыз бұйрық талқылауға жатпайды. 1980 жылы бірлестіктің бас директоры Станислав Павлович Куржей мен техникалық директор Николай Митрофанович Белик екі рет маған «Степной» кенішінің бас инженері лауазымына ауысуыма ұсыныс жасады. Үшінші рет дегенде келісімімді бердім. Ал 83 жылдың басында мені партияның қалалық комитетіне, қалалық комитеттің бірінші хатшысы Валерий Батаевич Темірбаевқа шақыртты. Екі сағаттық әңгімеден соң мені партияның қалалық комитеті өнеркәсіптік бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындады.  

  Жаңа лауазымда әскери тәртіпке үйренген кенші Өтегенов қарамағындағы сылбыр, марғау қимылдайтын екі нұсқаушыны жұмыстан босатты. Лайықты кандидатураларды таңдау бір айға жуық созылды. Жақсы танысы, Екібастұз қаласына орналасқан әскери бөлімнің офицерінің ұсынысымен жас прапорщик, сүт техникумын бітірген Александр Вербнякты (Екібастұз қаласының әкімі), екінші нұсқаушы етіп энергетика кәсіпорындары жұмысын үйлестіруші Александр Григорьевті (сосын станция директоры болған) алды.

-  84 жылы «Восточный»  кенішінің құрылысы басталды және бірлестіктің бас директоры Станислав Павлович Куржей маған жаңа кеніштің бас инженері лауазымын алуымды ұсынады. Болашақ жұмыс орнын анықтау мәселесінде өзіме тән қазымырлықпен менің тікелей басшым яғни кеніш директоры кім болатындығын тәптіштеп сұрап алдым. Бір кезде маған жақсы таныс есім Аксиньиннің тегі аталғанда қуанғанымнан дереу келісімімді бердім де жаңа жұмысқа ауыстым. 

Сонымен 84 жылдың күзінде бес адамнан тұратын жаңадан құрылған «Восточный» кенішінің дирекциясы адамдарды жұмысқа алуға және техникалық құжаттамаларды дайындауға кірісті. Осы сәттен бастап кеніштің жаңа өмірі басталды. 85 жылы кеніштің бірінші кезегі өнеркәсіптік пайдалануға тапсырылады, сосын екінші кезегі. Ал 88 жылы «Восточный» кенішінің барлық төрт кезегі енгізілді. Біз өзімізді аямастан жұмыс істедік. Менің жұмыс күнім таң атпай басталғаннан түн ортасына дейін жалғасты. Әдеттегі жұмыс күнінің қорытындысы шығатын штаб отырысы тіпті түнгі сағат 12 – де болатын. Жаңа кеніштің екі кезектерін құру мен салу кезінде Екібастұз қаласына іссапарға жіберілген КОКП ОК нұсқаушысының өзі штаб отырысын өткізуінен-ақ еліміздің экономикасы үшін кеніштің аса маңыздылығын білуге болады. Асыра сілтеушіліктердің де болғанын жасырмайды, – Аманқос Титауұлы.- Бұның бәрі еліміздің басшылығына жаңа күштердің пайдалануға енгізілгені туралы мерзімінде есеп беру үшін жасалғаны анық. Жалпы айтқанда кенішті меңгердік, көмір арттық, өз қателерімізден үйрендік. Аксиньин құрметті демалысқа кеткен соң мен жарты жылдай кеніш директорының міндетін атқардым, соңынан мен осы лауазымға тағайындалдым.

  Сол жылдардағы өмір ағымын еске алып отырған Аманқос Титауұлы бірлестік бас директорының отырысына қатысу үшін жұмыс формаларын іскери костюмге ауыстыруға да уақыттары да болмағандығын айтады.  1993 - 1996 жылдарда – «Экибастузуголь» бірлестігінің бас директоры ретінде қызмет атқарды. Сол себепті ол бір кездегі қуатты да күшті өндірістік бірлестіктің соңғы бас директоры болып тарихқа енді.

 - Нарық қатынастарының қалыптасуындағы күрделі және қызық уақыттарда біз адамдарға еңбекақыны төлеу мәселесін шешу үшін жаңа жағдайларда жұмыс істеуді, қиын мәселелерді шешуде мәмілелерге келуді  үйрендік. Расында да бірлестік үлкен материалдық және адамгершілік ресурстарға бай еді және шынында да қала құрушы болып табылды. Сол жылдары еңбек ұжымының саны 20 мың адамнан асатын, бірлестіктің құрамына 37 кәсіпорын, қаланың әлеуметтік объектілерінің 56%-ы көмір өндірушілердің баланстарында болды. Олар объектілерді күтіп-ұстауға ақшаны да аямады: қай кәсіпорынның бала бақшалары ең жақсы материалдық қамтамасыз етілген сияқты бір-бірімен жарысты. Бірақ өтпелі кезең келіп бәрін өзгертті. Ол жылдар менің басшылық өмірімдегі ең қиын кезең болды: төлей алмайтын дағдарыстар бізді стандартты емес шешімдер қабылдауға мәжбүрледі. Біз шынында да адамдарға еңбекақыны қалай және қайдан төлерімізді білмедік. Ол кезде біз болашақта алдымызда не күтіп тұрғанын білмедік қой.  96 жылдың қазан айында жеке инвесторларға «Восточный» кеніші берілді, қарашада – «Богатырь» кеніші, сосын – «Майкөбен». Ақырғы болып «Северный» кеніші берілді. Сонымен бір кездегі қуатты «Экибастузуголь» бірлестігінің тарихы осылай бітті. Ең ірі «Богатырь» кенішінің иегері болып табылған «Богатырь Аксес Көмір» ЖШС-да Аманқос Титауұлы Өтегенов алғашқы уақытта басшының міндетін атқарды сосын өндіріс жөніндегі бас директордың орынбасары болды. Сол жылдары алдыңғы қатардағы шетелдік тәжірибелерді енгізуге ерекше көңіл бөлінді. Аманқос Титауұлы Өтегенов көмір өндіруші кәсіпорынды басқару жүйесінде 2004 жылға дейін  еңбек етті. Сосын оның өмірінде белсенді мемлекеттік қызметке байланысты жаңа кезең басталды.  Көпті көрген басшы және тәжірибелі өндіріс маманы Өтегеновті еліміздің жоғары уәкілетті органына, Қазақстан Республикасы Паврламентінің Мәжіліс депутатына сайлады. Екі парлмаенттік шақырылымда еңбек атқарған Аманқос Титауұлы туған Екібастұзға,  жақсы білетін көмір саласына қайта оралды. Алдымен «Богатырь Көмір» ЖШС-да кеңесші, «Майкөбе» кенішінің директоры болып қызмет атқарды. Аманқос Титауұлының білімі мен тәжірибесі бүгін де сұранысқа ие болып отыр. 2016 жылдың наурызынан бастап «Богатырь Көмір» ЖШС бас директорының кеңесшісі лауазымында еңбек етуде.

  Қарапайым, көпбалалы отбасынан шыққан Аманқос Титауұлы үйдегі баланың үлкені ретінде бауырлары мен қарындастарына тірек бола білді. Оларда бір кездері Екібастұзда еңбек еткен. Кейінірек ағайындардың кейбіреуі туған өлкесі Ақтөбеге оралды. Қарындасы Алматыдағы балаларына кетті. Екінші жұбайы Ағима Жапасқызымен (Аманқостың бірінші жұбайы жол-көлік оқиғасының салдарынан қаза тапқан) Аманқос Титауұлы төрт баланы тәрбиелеп, өсірді. Қазір олардың барлығы еліміздің қадірлі азаматтары болып өсті және өмірден өз жолдарын тапты. Ең үлкен қызы дәрігер, ұлы Оксфорд университетін бітірді Ақтау қаласында зауыттың директоры болып істейді, екінші қызының білімі бухгалтер, жеке кәсіпкер болып еңбек етуде, ал кенже ұлы да Оксфордты бітірген, жеке бизнесі бар.  Ерлі-зайыпты Өтенеговтер жеті немере тәрбиелеп отыр.

Әңгімеміздің соңында Аманқос Титауұлы жеке бағдар берген адамдарды ізгі сөздермен еске алды. Еңбек өміріндегі өзінің алғашқы және басты тәлімгері деп Аманқос Титауұлы Владимир Устинович Аксиньинді санайды. 

- Ол нағыз кәсіпқой, тұлға болды, тілдескенде жұмсақ және іскери мәнерімен адамдарды өзіне тарта білді. Мен барлығында да одан үлгі алдым және әрдайым қайда жүрсем де, қандай лауазымда болсам да бас директор немесе Парламент депутаты осы үрдісті сақтауға тырыстым. Біз бір-бірімізге өте сенетінбіз.

  Менің өмірлік жолымда Станислав Павлович Куржей, Николай Митрофанович Белик сияқты құрметке лайық адамдарды және абыройлы басшыларды кездестіргеніме қуанамын. Бұл адамдардың барлығы менің қандай да бір міндетті шешудегі қабілетіме, жауапкешілігіме өте сенді және мені де сендіре білді. Солардың арқасында мен кәсіби өсе бердім және мансапты өсудің барлық сатысына жеттім, техникалық директордан басқа жол мастерінен бастап бас директорға дейін көтерілдім.

  Көптеген марапаттар мен атақтар Аманқос Титауұлы Өтегеновтің қоғамдық еңбектерінің қадірін арттыра түсуде: Екібастұз қаласының Құрметті азаматы, көмір өнеркәсібінің Құрметті азаматы, «Шахтер Даңқы» белгісінің толық кавалері, Еңбек Қызыл ту орденінің және басқа да көптеген өкіметтік және мемлекеттік наградалардың, Құрмет грамотасы мен алғыс хаттардың иегері.

  Айрықша күннің қарсаңында «Богатырь Көмір» ЖШС-нің басшылығы мен еңбек ұжымы, барлық екібастұздықтар еңбек ардагері, еңбегі сіңген кенші Аманқос Титауұлы Өтегеновті 70 жылдық туған күнімен шын жүректен құттықтайды және зор денсаулық, сөнбес оптимизм мен таусылмас қуат тілейді.

Қанат АЛДАБАЕВ

Фотосуреттер А.Т.Өтегеновтің және «Богатырь Көмір» ЖШС-нің баспасөз қызметінің жеке мұрағатынан алынды.    

Жаңалықтар тізіміне оралу