Қиял мен спорт арасында

01.10.2014

«Богатырь Комир» спорттық

 

Туристік жорықпен жабыла әуестену – қазіргі таңда жоқтың қасы. Бұрын спорттың осы түрінің жанкүйерлерін барлық одақ бойынша үлкен қозғалыс біріктірді. Ал қазір адамдар басқаға әуестенеді, сондықтан туризм не екенін білетіндер шамалы, біріншіден, дене дерттерінен және жан қайғысынан тамаша ем, екіншіден, кез келген ортастатистикалық қазақстандықтарға жетімді. Тек оған деген ниетін болсың. Мүмкін бар мәселе мынада, әлемді әлдебір құндылықтар басқаруда және жорықтарға әуес қиялшылардың азаюында. Соған қарамастан біздің арамызда «қайталану күнін» тоқтатуға шамасы келетін және рухани түрде бай болуға біреудің бары. Олар өздеріне лайықтыларды өсіріп тәрбиелеуде. Олардың ішінде «Богатырь Көмір» жұмысшылары: жөндеу бойынша дирекцияның жетекші инженері Людмила ШЕПЕЛЕВА және БЖТБ «Южная» стансасының поездарды құрастырушысы Александр УРАЛОВ.

 

Туризм өмір сүруді жалғастыруда

Людмила ШЕПЕЛЕВА көмір өнеркәсібінің кәсіпорнындағы жұмыстан басқа да мектеп табалдырығынан сүйіктісіне айналған іспен айналысуда. Ол, ҚР туризм бойынша еңбегі сіңген нұсқаушы және ұлттық санаттағы төреші бола тұра, «Қайнардағы» ЗЮВС турклубын және әр түрлі сайыстарда «богатырьлік» туристік спортсмендер командасын басқарады. Айтпақшы олардың көпшілігі – клуб бойынша оның бұрынғы тәрбиеленушілері.

- Бұл әуестенуді мен өзімнің бар өмірім арқылы өткіздім, өйткені, туризм дертіне шалдықтым. Бұл спорттың түрінен кетпеу үшін, онымен ауру керек, - деп ішкі сырын ақтара сөйлеген Людмила. – Кезінде мен «Прометей» қалалық туристік клубында жаттыққанмын, өкінішке орай, енді өзім жаттықтырамын.

Оның еңбегінің нәтижесі– көзге көрінерлік. Екібастұзда үнемі туристік қозғалыс жандануда, жастар салауатты өмір салтын белсенді түрде ұстануға үйренуде, көмірлі кеніштердің жұмысшыларының жұмыс күндері ажарлануда.

- Клубқа келіп жүрген балаларда қоршаған ортаға деген қажетті қарым қатынас жоқ. Олар өздерінің құрбы жолдастарына қарағанда басқа адамдарға жауапкершілікпен қарайды, себебі, жарыстар мен жорықтарда белгілі бір, тіпті қауіпті жағдайларға тап болады. Сондықтан дәл мұнда өзара қол ұшын беру және өзара көмек беру жүзеге асырылады. Жақсы үлгі ретінде биылғы жылдың мамырындағы Заилийский Алатауға жорыққа шығуды атап өткен жөн. Сол кезде он алты адамнан тұратын біздің топ су тасқынын басынан кешірді. Санаулы минөттер ішінде суға толған өзен жағадан шыға бастады. Ағынмен біздің лагерьді алып кетуі мүмкін еді, бірақ та біз шапшаң қимылдадық және жұмыла жасалған жұмыстың арқасында бес минут ішінд күркемізді орап үлгердік.

Клубтықтар қызғанышты тұрақтылықпен әр түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысады және ҚР жүлдесімен және республикалық Чемпионаттарының бірнеше мәрте жеңімпазы атануда. Кейде жас спортшыларды «Богатырь Көмір» кәсіпорнының белсенді түрде жүлделі орын алып жүрген құрамасына енгізеді. Мысалы, өткен жылы Қазақстан Чемпионатынан көмір өнеркәсібінің жұмысшылары «күміс» жүлдегері атанып,жеңіспен оралды.

Дегенмен де, соңғы уақытта «богатырьлік» құраманың басты жетістігі биылғы жылдың тамыз айында Баянауылда өткен «Ертіс меридианасындағы» тамаша жеңіс болды. Айтпақшы, бұл слетте барда әндерімен суреттер байқауында «Богатырь Көмірдің» басқа да өкілдері жеңіпаз атанды: Сергей ЗАХАРОВ және Анатолий БУТЫРИН. Олар жүлделі екінші орынға ие болды.

- «Ертіс меридианасына» тұңғыш рет қатысу 2001 жылы бізге бірінші орын алып келді. Одан кейін бес жыл қатарынан біз бұл жарыстарды белсенді қолдап жүрдік. Ал содан соң сегіз жылға үзіліс болды, біз слетке қатысуды қойдық. Биылғы жылы бұл дәстүрді жаңғырту жайлы шешім шығарылды және ол сәтті болды. Төрт күнге созылған биік шыңды бағындырған тартысты жарыстарда біз армандаған бірінші орынға қол жеткіздік. алдық. Ол жеңісті бізге команда капитандары Аслан Нурумов, Ислам Мамаев, Сергей Зеленых, Вера Гарифулина, Темірлан Достимесов және Руслан Манатов сыйлады. «Ертіс меридианасының» қорытындысы бойынша, біздің балалар туризм бойынша спорт шеберіне үміткердің нормативтерін орындап шықты, - деп әңгімелейді Людмила.

Оның айтуынша, бұл жеңіс кездейсоқтық болған жоқ. Оған көп дайындық керек болды. Балалар «Қайнарда» және Аққу клуб жанындағы саябақта жаттықты – онда олар жергілікті ағаштарды «бағындырды». Атап өткен жөн, «қайнарлықтар» және «Богатырь Көмір» компаниясының басшылығы бас директоры Виктор Щукинмен құрамаға белсенді түрде көмектесуде. Біреулер – қымбат тұратын жарақтарды жалға алумен, енді біреулері – қаржылай.

Қуанарлығы, кәсіби спортшыларға қарап отырсақ, кәсіпорында туризммен одан мүлдем бейхабар адамдар айналысуда және ол адамдар үшін жас деген түк емес – олардың кейбіреулері 40-тан асқандар. Көбінде жанадан келгендер ішкі жарыстарға қатысады. Бірақ та аса жоғары деңгейде өз күшін көрсететіндер де табылуда. Қазіргі таңда 27 қыркүйек – Бүкіләлемдік туризм күнінде өтетін туристік көпкүрес бойынша «Алтын күз» облыстық Чемпионатына Ертістің жайылма алқабында осы тәрізді ісшараларға бірінші рет қатысқалы отырған БЖТБ жұмысшылары дайындалуда.Оған команданың басты жаттықтырушысы Людмила ШЕПЕЛЕВА сөзсіз қуанышты. Өйткені оның ісі жалғасын табуда. Туризм өмір сүруді жалғастыруда.

 

 

Бағындырушылар әулеті

Александр УРАЛОВТЫҢ оның туристік оқиғалары жайлы тамаша әңгімелерін тындап, оның бұл спорт түрімен тек қана айналысып қоймай, сонымен бірге оның жарқын жанкүйері екенін де сеніммен айта аламыз. Өз әуестігіне Александр отбасында қатыстырды, сондықтан да турбағыттарды меңгеру және әр түрлі шыңдарды бағындырумен ол өте жақын адамдарымен бірге айналысады.

Оның зайыбы Наталья үшін туристік тәжірибе 90-шы жылдар соңында сол кездері Екібастұзға қарағанда киімдер бағасы екі есе төмен болған алматылық барахолкаға барудан басталды. Ең алдымен жолдасы оған тауға шығып демалуды ұсынды. Міне содан бері бұл оның әуесіне айналды.

Александрдың балалары – үлкен қызы Софья және ұлы Андрей – алғаш рет өз саяхаттарына емшектегі бала бола тұра аттанды. Софья сегіз айлық, ол «кенгуру» сөмкесінде отыра «шынға көтерілді», оның бірінші классикалық бағыты Алматы – Иссык-Көлде орналасқан Бозтері кенті. Ал кіші турист Андрейге бар жоғы төрт-ақ ай, оның ата анасымен және әпкесімен бірінші рет шыққан саяхаты Ақсақайлық шатқалы болды. Қазір олар он және сегіз жаста, бірақ олар бұрынғыша ата аналарымен бір турбайланыста жүреді.

Александрдің өзінің туристік еңбек жолын 1970 жылы №1 ЖОБМ оқушысы бола тұра, турисшілердің кіші тобының турүйірмесіне қатысудан бастады.

- Туризмге, тауларға және туған өлкеге деген сүйіспеншілікті біздің бойымызға ғажайып адам, тамаша педагог Котлярова Нина Николаевна сіңірді, - еске алады Александр. - Оның ынтасының арқасында барлық қалалық сурет мектептерінің ішінен тек отыз бесінші ғана туризм бойынша жарыстар өткізуде. Менің осыған деген әуестігімді ашқан үшін ол адамға зор алғысымды білдіремін.

Содан бері бірнеше он жылдықтар өтті. Сол жылдар ішінде Александр Алтай, Кавказ, Заилийский Алатау, Солтүстік Тянь-Шань тауларын, тіпті Эльбрустің өзін бағындырды, бірақ осы күнге дейін оның өмірінде бұл жай ғана әуестік емес, ол үшін маңызы зор нәрсе. Әр туржорыққа ол ерекше дайындалды. Саяхатқа арналған арнайы ас мәзірін құруды және белгілі бір азық түлік себетін таңдаудың өзін алсақ та. Өйткені оның айтуынша, тауларла, әсіресе адамның алғашқы күндері биік тауларға беймделуіне тау аурулары басып алады: бас айналымы, апатия, әлсіздік және тәбеттің жоқ болуы, ал тамақтану жақсы болу керек, өйткені ұзақ өтуді жасау үшін күш қайрат қажет.

- Осы мақсаттар үшін тәбетті шынайы ашу үшін негізінде ащы нәрсені алған жөн, мысалы, сарымсақ. Бірақ та жарманы да ұмытпаған жөн, - дейді өз құпиясын жайып салған саяхатшы.

Өзінің соңғы өрлеуін «уралдар» (солай Александр өзінің отбасын атайды – авт.ескертуі) Кеншілер күніне арнады. Осы мерекеге орай биылғы жылдың шілдесінде олар Заилийский Алатаудағы теңіз деңгейіндегі 4376 метр биіктікте орналасқан Комсомол шыңын бағындырды. Бұл саяхатты Ураловтардың отбасы иесі күнделікте толық суреттеп берді. Армандаған мақсатының жолында оларға әр түрлі қиындықтарды басынан кешіруге тура келді: жауын шашындар – жаңбыр және тұман, бейімделудің қиын кезеңі, температураның төмендеуі. Айтпақшы, дәл осылар, туристің пікірінше, отбасыны өте жақындатады. Комсомол шыңының «Штурмы» олардың саяхатының төртінші күнінде аяқталды. Түнгі он екіде басталған өрлеу, таңертеңгі онда аяқталды.

-Әрине, балалар бұл кезде ұйықтап жатты. Оларды біз лагерьде қалдырдық та бағындыруды екеуміз жасадық. Олар биікке шықпаса да, бағындыру бәріне есептелді.

Ураловтар отбасы үшін келесі биіктік қандай болады деген сауалға, Александр ол жөнінде ойланып жүргенін айтты.

- 80жылдар аяғында Эльбрустің шығыс жағына шығу кезінде Федор Кислицин басқарған командада маятникті арқан жолында өзінің жүз жасында Эльбрусқа шыққан жергілікті ұзақ өмір сүруші Чокка Залихановтың портретін көрдік. Ол жасқа дейін бізге әлі өмір сүру керек, талай шыңдарды бағындыру керек. Өзімнің елу жасымда мен «Богатырь Көмірдің» ақшалай қолдауының арқасында Эльбрус шыңының батыс жағын бағындырды, бес жылдан соң – Комсомол шыңы. Енді алдағы алпыс жасымда нені бағындыру керек, соны бағындырамыз. Ең басты – болашаққа деген сеніммен қиялға берілуді жоғалтпау керек. Туристер айтқандай - бәріңе жеңіл жолқапшық, қызықты бағыттар және жақсы ауа райы!

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Владимир БУГАЕВТІКІ және Людмила ШЕПЕЛЕВАМЕН Александр УРАЛОВТЫҢ жеке мұрағатынан

Суретте: «Богатырь Көмір» құрамасының жаттығу сәтінен, «Ертіс меридианасындағы» жарыстар, УРАЛОВТАР отбасының Комсомол шыңына өрлеуі.

Жаңалықтар тізіміне оралу