Кәсіби дайындыққа тіреу

01.10.2014

«Богатырьлік» «кадрлар ұстаханасы »

 

Жанашыл әлемде жеңіске қатал бәсекелестік жағдайында кадр үшін күресте жеңіп шыққан компания ғана жетеді. Кез келген істің табысы адамдардың кәсіби шеберлігіне және біліктілігіне байланысты. Сондықтан кадр құрамын қалыптастыру аса маңызды және кез келген кәсіпорынға тән күн тәртібінен ешқашан алынып тасталынбайтын мәселе болып табылады.

«Богатырь Көмір» ең ірі қазақстан-ресей бірлескен көмір шығаратын компаниясы кадрларды дайындау және біліктілігін көтеру мәселесін 1999 жылы шешті. Мұнда өздерінің жеке құрамды қауіпсіздік және еңбекті қорғау, білімді тексеру мәселесіне оқытуға бағытталған білімді автоматтандырылған бақылау жүйесімен, компьютермен жабдықталған оқыту-курстық комбинатын ашты. ОКК-нда тау кен тасымалдау жабдықтары және машиналары, темір жол көліктері, жүк көтергіш машиналары, слесарьлік және электр монтаждау ісі, еңбекті қорғау кабинеттері жабдықталған. Оқыту-курстық комбинатының басты міндеті - біліктіліктің бастапқы деңгейіндегі құрамды дайындау, жұмысшыларды қайта даярлау және біліктілігін көтеру.

«Богатырьлік» «кадрлар ұстаханасының» өмірі жайлы оқыту-курстық комбинатының бастығы Любовь Шарипова әңгімелеп берді.

Любовь Викторовнаның сөзі бойынша, кәсіпорында кәсіби-техникалық оқу орындарының санын қысқартуға, жоғары білікті кадрлардың болмауына әкеп соққан түбегейлі өзгерістер болған тоқсаныншы жылдарды әліде ұмытқан емес. Сондықтан «Богатырь Көмір» компаниясы қысқа мерзім ішінде жақсы бір тәсілді болуы және шағын шығыммен даярлау мәселесін шешуі, ал жанашыл технологияны енгізу кезінде еңбекшілердің кәсіби деңгейін көтеру қажет оқыту жүйесін жандандыру бойынша міндетін қойды.

Комбинат қызметі тікелей ұйымда оқу бағдарламаларын, емтихан билеттерін, сауалнама тапсырмаларын және оқу құралдарын, әдістемелерді, кадрларды кәсіби дайындаудың нормаларын құрудан басталды. Кейін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмысшыларды оқыту құқығына аттестат алынды. Басқарушы жұмысшылар кәсіпорынның мамандарымен бірлесіп тамаша бір жоба әзірледі – жұмысшылардың дайындық деңгейлерін талдау, жүзеге асыру және жоспарлау үшін мүмкіндік беретін жұмыс орындарында қауіпсіз және апатсыз жұмыстарды қамтамасыз ету жағынан Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық актілерінің талаптарын орындауға мүмкіндік беретін кешенді модульді тәсіл, амал.

Жыл сайын «Богатырь Көмір» ЖШС-нің оқыту-курстық комбинатында 1000-нан астам адам мамандықтың 147 атауы бойынша кәсіби оқытудан өтуде, 6000нан астамы - өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласында өз білімдерін тексеруде және оқуда.

Оқытушылық және нұсқаушылық құрам, негізінен, компанияның құрылымдық бөлімшелерінің басты, жетекші және жоғары білікті мамандарынан қалыптасты. Теориялық және өндірістік оқытуды өткізу үшін жыл сайын 1000- астам адам тартылады. Тәлімгерлердің, кәсіби оқытудың үрдістерін жеделдетудің рөлін көтеру мақсатында компания жұмысшыларын жетілдіруге бағытталған шеберлік кластар, тренингтер, әдістемелік жиындар, семинарлар және ісшаралар өткізілуде. Жыл сайын салтанатты түрде өз білімдерімен зор тәжірибесін оқушыларын беретін тәлімгерлердің слеті өтуде. Слетте олардың жұмыстарының қорытындысы шығарылады және грамоталармен ақшалай сыйақылар табысталатын ең үздік тәлімгерлерге сый құрмет көрсетіледі.

2010 жылы «Богатырь Көмір» оқыту-курстық комбинаты «НR инновациясындағы адам ресурстарын басқару» алтыншы Халықаралық конференция аясында өткен «Сенім» тұңғыш қазақстандық байқаудың арнайы дипломымен және күміс мүсіншенің иегері атанды.Конкурсқа ұсынылған «Персоналды басқару және дамыту» жобасы, Республикадағы ең үздік болып танылды.

Кәсіпорында бүгінгі күні кәсіби оқыту, оның ішінде үйлестіруші оқытуды енгізу саласында болып жатқан оқиғаларды белсенді түрде бақылап назардан тыс қалдырмайды. Тікелей өндірісте құрайтын модулі жұмысшы кадрларды кәсіби дайындау болып табылатын оқытудың ұжымдық жүйесін құрудағы көмір алыбының тәжірибесі қазіргі уақытта өзекті болды. Оқыту комбинатының мамандары келесіні болжайтын үйлестіруші оқытудың мақсаттарын және ұстанымдарын меңгерді:

- өндірісті дамыту және жаңғыртуға өзекті оқыту бағдарламаларының жанашыл әзірлемелерін;

- кәсіпорын өкілдерінің оқыту үрдісіне қатысуы;

- практикада және өндірістік оқытуда оқушылардың теориялық білімдерін үнемі бекітуі.

ОКК басшысы «Богатырь Көмір» кәсіпорында өзіне үйлестіруші оқытудың үйлестіруші жүйесінің элементтерін енгізетін кәсіби оқытудың кейбір ерекшеліктеріне тап болды.

Өндірісте оқытудың шынайы моделін құруда және оқу бағдарламаларын жүзеге асырудың жана әдістемелерін іздеуде импульс берген жұмысшылардың дайындаумен біліктілігін көтерудің модульді инновациялы жүйесінің жобасы 2007 жылы енгізілді. Оқытудың әзірленген моделінде оқыту бағдарламаларын құрудың үрдістерінің жұмысшылардың дайындық деңгейін анықтайтын бастапқы циклден аяқталатынына дейінгі қызметтік сызбасы құрылды. Әдістемелік кабинеттің жұмысы басым болып табылады, өйткені тек осында ғана, серіктестіктің бас мамандарының қатысуымен кәсіпорында өндірістің жетілдіру жағдайында білікті кадрлардың қажеттілігін ескеретін тамаша, қызықты, оқу бағдарламалары құрылады.

 

Әдісті және әдістемені таңдау жекеше және көбінде жұмысшыларға қойылатын біліктілік талаптарына, дайындық деңгейіне және технологиялық үрдістердің күрделілігіне байланысты. Қазіргі уақытта оқыту курстық комбинатының әдістемелік кабинетімен әр түрлі әдстермен үрдістер түрін қолданумен оқу бағдарламаларын жүзеге асырудың нормалары нықталды.

Соған байланысты комбинаттың мамандары қымбат тұратын пішіндермен жаттығу құрылғыларын алуға бейімделмеген. Оқу полигоны ретінде ең жанашыл жабдықтар бар аттесталған жұмыс орындарын пайдалану шешілді.

Әр әдіс және оқыту үрдісінің түрі, өзінше бірегей және білім берудің барлық ұйымдары ұмтылатын басты мақсатқа жетуге мүмкіндік береді. Ол дегеніміз – білім беру қызметтерінің сапасын көтеру, жаңа технологиялармен жанашыл өндірістік жабдықтарды ескеретін оқу бағдарламаларын әзірлеу, білім беру үрдістерінің және өндіріспен тұрақты байланысын басшылармен мамандардың, жоғары білікті жұмысшылардың оқу үрдістеріне қатысуымен жүзеге асыру. Бүгін күні оқу-курстық комбинатының ұжымы жанашыл технологиялармен оқу әдістемесін іздеуді жалғастыруда және ұзақ мерзімді жоспар құруда

Оқу-курстық комбинатының ұжымы, кәсіби оқыту жүйесінің дүниежүзілік тәжірибесін меңгере отыра, бүгінде жоғары білімге және жанашыл өндірістің жағдайында технологиялық үрдістерді енгізу дағдысына ие білікті кадрлардың қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған өзінің көпқырлы жүйесін құруды жалғастыруда.

Жазып алған Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолий БУТЫРИНДІКІ және «Богатырь Көмір» компаниясының оқыту-курстық комбинатының мұрағатынан

Жаңалықтар тізіміне оралу