Ардагерлерге арналған демалыс

03.07.2014

 

«Богатырь Көмір» көмір шығаратын кәсіпорынның басшылығы компанияның бұрынғы елу қызметкерлерінің зейнеткерлік күндерін ажарлады. Шахтер күніне, Екібастұз көмір алыбының 60-жылдығына орай және мемлекеттік мерекелер қарсаңында 18 маусымда олар үшін республика астанасы Астана қаласына сапарды ұйымдастырды.

Кезінде қорларында аздаған еңбек өтілімі мен әр түрлі наградалары бар көмір шығарушы белсенділер, өздерінің құрметті жасына және алда күтіп тұрған жолдарына қарамастан ұйымдастырушылардың шақыруына қуана келісе кетті.

Бұл саяхат, шындығында, алыс емес әрі шаршамайтындай болды. Сапарға қатысушылардың бірінің сөзі бойынша, автобус жүргізушілері Сергей Анатольевичпен Валерий Анатольевич өздернің жолаушыларына ерекше ықыласпен және қамқорлықпен қарады. Сондықтан жолда өткен уақыт байқамай зымырап өтті.

Астана бойынша саяхат ардагерлер жүрегінде ұмытылмас көп әсер қалдырды. Олар астананың басты белгісі – Бәйтерекке барды, Қазақстанның жаңашыл тарихының негізгі қоймасы – Бірінші Президенттің мұражайында болды. Саяхат бағдарламасының тағы бір жері 1 мың адам сыятын Орталық Азиядағы ең ірі Хазірет Сұлтан мешіті болды. Бұрынғы «богатырлік» көмір шығарушылар теңіз түбіне түсті. «Думан» ойын-сауық орталығының океанариумы екібастұз қонақтарын бай мұхит фаунасымен қарсы алды.

Астаналық көрікті ғимараттарды көргеннен молынан әсерге қаныққан саяхатшылар үйлеріне де оралды.

Бірақ та осымен бұлар үшін бағдарлама әлі аяқталған жоқ. 25 маусым күні ардагерлерді «Богатырь Көмір» Еңбек даңқы мұражайына шақырды. Бұл жерде олар қайтадан, бұрынғыша, туған кәсіпорынның жағдайына тап болды. Олардың кейбіреулері экспозицияға қойылған көптеген ақ-қара фотосуреттердің ішінен өздерін тауып алды. «Богатырь» кенішінің макетін қарай отыра, бұрынғы көмір шығарушылар өздері еңбек еткен учаскелерді бауып отырды. Құрметті демалыста жүрген кеншілер алғыс ретінде мұражайға сыйлыққа фотоальбом табыс етті. Онда соңғы бірнеше жылдарда ардагерлердің «Богатырь Көмір» өміріне белсене қатысушы ретінде жапсырылған ең үздік суреттері жинақталған.

Зейнеткерлерге тосыннан ұйымдастырылған демалыс «Аққу клуб» жанындағы саябақта аяқталды. Мұнда олар аяусыз қапырықты ауа райы күніндегі ең маңызды міндетті орындады – өткен сенбілікті өткізгенде отырғызылған жас көшеттерге су құюға белсене қатысты.

Қаныққан іс-шаралардан соң кәсіпорынның көмір шығарушы өнеркәсібінің ардагерлері өз ойларымен бөлісті.

Любовь Николаевна Михеева, Мелащенко Николай Федорович, Александ Иванович Гусев, Байтанова Батима Абаевна, «Богатырь Көмір» компаниясының ардагерлері:

- «Богатырь Көмір» басшылығына, қоғамдық қорына, кәсіподақтық комитетіне, бізге деген ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз. Сіздер біз үшін қызықты да тартымды іс-шаралар ұйымдастырдыңыздар. Біз Астанада болып қайттық. Бұл сапар бізге шынайы қуаныш сыйлады. Кездесу, әңгімелесу және тану қуаныштары. Біз өткенді еске алдық және бір-бірімізбен жаңалықтармен бөлістік, күнделікті өмірде бұған сәті түсе бермейді. Өміріміздің көп бөлігін көмір шығарушы кәсіпорында бетпе-бет өткізгендермен кездесу, сөзсіз, көңілге жағымды. Бүгінгі күні, мұнда жұмыс істемейтінімізге қарамастан, кәсіпорын немен «тыныс алып отырғаны» бізге маңыздырақ, оның тағдырына бей-жай қарамаймыз. «Богатырь Көмір» басшылығының бізді, біздің кәсіпорынның жұмысына сіңген еңбегімізді ұмытпайтындарына біз дән ризамыз.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет ардагерлер мұрағатынан

Жаңалықтар тізіміне оралу