«Богатырьлік» көмір өндірушілер атбасарлықтарға көмектесті

17.04.2014

Көмек қолы

 

«Богатырь Көмір» көмірлі кәсіпорынның басшылығы жергілікті билік өкілдерінің Ақмола облысындағы Атбасар қаласының қатты су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарына ізгі көмек ұйымдастыру ниеттерін қолдады. Компания өздерінің жеке қаражаты есебінен оларға азық түліктер сатып алды.

Сейсенбіде Екібастұздан Ақмола облысына бір миллион тенгеге жуық қаражат жұмсалып, оған бес тоннаға жуық күріш, қарақұмық жармасы, макарон өнімдері және өсімдік майы сатып алынып жіберілді. Осындай ізгі көмекті «Богатырь Көмір» көмір өндірушілерінен зардап шеккен ауданның тұрғындары алды.

Естеріңізге сала кетейік, су тасқыны бір апта бұрын болған. Соның салдарынан жүзге жуық адам баспанасыз және азық-түліксіз қалды.

Марина ПОНКРАТОВА

Жаңалықтар тізіміне оралу