Әзілмен алдап соқты

17.04.2014

«Богатырьлік» көңілділер мен тапқырлар

 

Оларға химиялық заттектермен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік техникасы және жақсы көңіл-күйдің химиялық заттары белгілі. Сондықтан, бір жыл өткен соң, жақсы дәстүрді жалғастырып, олар өндірістегі қауіпсіздік айлығы аясында «Богатырьлік КТК» жүлдесі үшін жарысу үшін тағы да бір-бірімен сол бір сахнада кездесті. «Богатырь Көмір» кәсіпорнының КТК осы жолғы кездесулері салтанатты болды – 10 жыл бұрын біздің қаламызда ең алғаш рет Бүкіләлемдік еңбек қорғау күнін атап өтті.

Ойын шайқастары сахнада командалардың көрінуінен бұрын басталды.

Олар залдан қолдаушылар топтарының арасынан сахнаға қарай бұрылды. Олардың негізгі «қаруы» әр түрлі шынғыртпалармен шыңылдайтын сыбызғы болды.

Ду қол шапалақтың соғылуымен «Богатырьлік» Масляков Ерлан Искаковтың шақыртуымен көрермендер алдында көмір өндірушілердің сүйікті командалары шықты: «Менің сүйікті командам» («Богатырь» кеніші), «Париж»(ТЖЖЖБ), «Ассорти» (БЖКБ) және ТКЖЖ зауытының «Ерлер құрама командасы».

Ойвн тақырыбы жұмыс орнында химиялық заттектерді қолдану кезіндегі еңбекті қорғауға байланысты болды. Сондықтан КТК қуана - қуана, мектептегі химия сабағын, Дмитрий Менделеевті еске түсірді, сонымен қатар қышқылдан күюді Геннадий Малахов әдісімен емдеуге тырысып бақты. Көңілділермен тапқырлар жұмыс орнында еріткіштер жұбы бар ынтамен дем беретінін елестету мүмкін екенін сахналады: ол дегеніміз – әзілқойлардың баяндамасында- ең аз дегенде – каскадағы және ішкі киімдегі учаске бастығы немесе өзгеріске айналған меншік автокөлігі.

Өздерінің қойылымдарына салмақ қосу үшін «Ерлер құрамасының» жігіттері нөмірлердің бірінде ТКЖЖ зауытының директоры Александр Иванскиймен рэп орындап, сахнаға бірге шықты.

Вокалдық шеберлігі үшін Александр Иванович ойын қортындысы бойынша «Ең үздік ойыншы» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. Төрт команданың ішінен зауытшылар ең көңілді, ең тапқыр, көңілге қонымдырақ және ерекше болып көрінді, сондықтан оларға, былтырғы жылдағыдай, жүлделі бірінші орынды қаңжығаларына байлап, сыйақыларын табыстады және «Богатырь Көмір» компаниясының атынан «қалаға әзілдеуге» мүмкіндік берді. «Ерлер құрамасының» капитаны Дмитрий Семеновтың сөзіне сенсек, 25 сәуірде қала кәсіпорындарының командалары арасында өтетін жалпы қалалық Көңілділермен Тапқырлар Клубының ойынына олар толығымен әзір.

Тек аздап «шалағайлық істеп» бағдарламаны толықтыру ғана қалды.

ТЖЖЖБ келген «Парижандықтар», «сол бір қалашықтың үстінен тақта сияқты ұшып өтпеу» үмітін ақтап, БЖКБ «Ассорти» командасымен бірге жүлделі екінші орынды өзара бөлісті. Сонымен қоса, «Ассорти» жігіттерін ең үздік қоюшылар екенін атап өтті. «Богатырь» кенішінің атынан шыққан «Біздің сүйікті командасы» жүлделі үшінші орынды қанағат тұтты. Оларға «Ең үздік әзіл» аталымындағы жүлдені тағайындады. Қазылар алқасының

шешімімен, ең үздік жанкүйерлер болып ТЖЖЖБ қолдаушылар тобы танылды.

«Богатырь Көмір» компаниясының еңбек қорғау жөніндегі бас техникалық басшысы Игорь Поповичтің айтуынша, КТК-2014 сәтті өтті. Жастар кезекті рет көмірлі кәсіпорындағы еңбекті қорғауды дамытуға өз үлестерін қосты. Өйткені өткір әзілдер арқылы адамдар маңызды нәрселерге көңіл бөліп қарайтын болады. КТК ойынындағы «жұмыс істеме – зардап шекпейсін» сөз орамдарына қарамастан, «Богатырь Көмір» белсенді жұмыс атқаруда, қайғылы оқиғалар жыл өткен сайын азайып бара жатыр. Бұл жерде Көңілділермен Тапқырлар Клубы ойыншыларының үлесі де баршылық.

Марина ПОНКРАТОВА

Сурет Анатолий БУТЫРИНДІКІ

Суретте: КТК ойын сәттерінен

Жаңалықтар тізіміне оралу