«Богатырь Көмір» еңбекақыны өсіреді

04.04.2014

 

Өндірістік алаң

 

Наурызда  «Богатырь Көмір» ЖШС басқарушылық құрамының  жұмыс ұжымымен жыл сайынғы дәстүрлі кездесуі  аяқталды. Ақпараттық топтың басшылары компанияның бас директоры Виктор Щукиннің басшылығымен  кәсіпорынның өткен жылдағы қызмет қорытындысы туралы айтты,  келешек  жоспарлармен бөлісті және жиналғандардың қойған сауалдарына жауап берді.  

Сауалдардың негізгі бөлігі тенгенің құнсыздануына байланысты еңбекақылардың өсуіне қатысты болды. Оларға «Богатырь Көмір» ЖШС бас директоры Виктор Щукин жауап берді. Ол  биылғы жылы өндіріс көлемінің төмендеуіне қарамастан, кәсіпорын  басшылығы  Қазақстан Республикасы президентінің  ірі қазақстандық компаниялардың басшыларына  өз жұмыскерлеріне еңбеақыны көтеру өтінішімен айтылған үндеуіне лайықты түрде жауап қайтарғанын атап өтті.  Акционерлердің келісуімен  шешім қабылданды: бірінші сәуірден бастап компания жұмыскерлерінің еңбеақысын  10 пайызға дейін өсіру, бірінші қаңтардан бастап Қазақстандағы инфляция деңгейіне  5 пайызға дейін  қосымша  келтірілген  еңбеақы төлемдерімен салық өлшемдерін  көбейту. Сонымен, жыл басынан «Богатырь Көмір»  жұмыскерлерінің еңбек ақы төлемдері мен салық мөлшерлері 15,5 пайызға өседі.

Одан басқа компания жұмыскерлер алдында  кәсіби шеберлігі, жоғары біліктілігі және мамандықты ауыстыру үшін үстемелерді қоса отыра, ұжымдық шартта қаралған  барлық міндеттерді орындауды сақтады. Сонымен қатар кездесулерде биылғы жылда кәсіпорын өмірі үшін негізгі сәттер айқын болды. Бұл – сортты көмірлерді алу үшін ұсақтау-іріктеу жиынтығын  пайдалануға  енгізу, «Северный» кенішінің теміржол көліктік сызбасын қайта құрастырудың кезекті кезеңі, сонымен қатар,  ЭКГ-10 экскаваторын,  DML бұрғылау станогын және  ашу кешені үшін думпкарлардың қырық төрт бірлігін  алу.

Марина ПОНКРАТОВА

 

 

 

 

 

 

 

 

Жаңалықтар тізіміне оралу