«Богатырь Көмір» компаниясының спортпен сауықтыру кешенде үлкен теннис пен мини футбол жанкүйерлері үшін әмбебап алаң салтанатты түрде ашылды.
Қазақстан-Ресей біріккен көмір өндіретін кәсіпорны Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына индустиралдық-инновациялық даму бойынша үлкен жұмыс атқарды Былтырғы жылы «Богатырь» кенішінде негізгі құрал-жабдықтардың өнімділігін 20 пайызға көтеретін көлік сызбасын қайта құрылымдауды аяқтады. Биылғы мерейтой қарсаңында компания кеншілері 40 миллион тонна көмір сатуды жобалап отыр.
Қазақстандық «Самұрық-Қазына» мен «РусАл» ресей компаниясының бірлескен кәсіпорны «Богатырь Көмір» қоршаған ортаны қорғау бойынша бағдарламаны іске асыруға, атап айтқанда кәсіпорындағы экологиялық қауіпсіздік мәселесіне,аймақтағы экологиялық жағдайдың жақсаруына көп көңіл бөлуде. Осы мақсаттарға ағымдағы жылдың соңына дейін бір миллиардтан астам қаржы бақғытталады