Баспасөз / Жарияланымдар

Еңбек күні

22.09.2016

 

Қала әулеттерімен даңққа бөленуде

Көмірлі Екібастұз үнемі мықты еңбек әулеттерімен даңққы шығуда. Бұл ізгі дәстүрлер бүгінгі күні де құрметтелуде. Аталары мен әкелерінің жолдарын жалғастырушылардың арасында Копновтар отбасы да бар. Олардың отбасы әулетінің негізін құрушы Копновтардың әкесі Николай Семенович болып отыр.  Ол қаламызға бүкілодақтық қарқынды құрылыс кезінде 1963 жылы отбасымен Атбасар қаласынан көшіп келген. Тепловоз машинисі болып жұмысқа тұрды және қазіргі уақытқа дейін өзі таңдаған ісін адал атқаруда. Өндірістік учаскелер, олардың атаулары ауысты, көмір шығарушы кәсіпорынның өзі неше рет таратылды, бірақ міндеті ғана өзгеріссіз қалды – елімізге молынан көмір беру. Машинист Копнов жүргізген сан жетпейтін құрамдармен бұл жылдары жеткізілген көмірді ауызбен айтудың өзі қиын. Ал Николай Семенович Копновтың еңбек жолы Солтүстік жүк тиеу-көліктік басқармасында басталды, сосын ол «Богатырь» кенішінде жалғасын тапты. Әкелерінің жолын үш ұлы да жалғастырды. Олардың барлығы көмірді шығару мен тасымалдауға байланысты жұмыстарды өздеріне анықтады.

Үлкен ұлы Александр «Восточный» кенішінде жұмыс атқаруда, ортаншысы Виктор және кішісі Борис «Богатырь Көмір» кенішінде жұмыс істеуде. Виктор «Богатырь» кенішінде экскаватор машинисі ретінде еңбек етеді, Борис қырық жылдай Солтүстікте сосын Богатырь жүк тиеу-көліктік басқармасында тартқыш агрегаттың машинисі болып еңбек етті. Көмір шығарушы кәсіпорынның құрылымында Николай Семеновичтің жалғыз қызы Людмила да жұмыс атқаруда. Копновтардың даңқты дәстүрін үшінші ұрпақ Людмила Николаевнаның ұлы Михаил Литвиненко жалғастыруда. Теміржолшы атасы мен нағашыларынан үлгі алған ол  қазір Богатырь ЖКБ «Пайдалану» ЖҚД тартқыш агрегаттың көмекшісі ретінде  еңбек етеді.

Копновтар отбасының әр мүшелері көмір саласында қырық жылдан аса жұмыс атқаруда. Ал егер бәрін қосатын болсақ Копновтар әулетінің жалпы жұмыс өтілі екі жүз жылды құрайды. Иә, бұл Екібастұздағы кеншілер отбасындағы еңбек ерлігінің шынайы арифметикасы.  

Қанат АЛДАБАЕВ.

Барлық жарияланымдар